Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын күшейту мақсатында төрт облыста (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан) пилоттық Community орталықтар құрылғаны жөніңде алдында хабарлаған болатынбыз. Орталықтар азаматтарды қабылдап, ақпарат берумен қамтамасыз етуде.
Осы жоба аясында ұйымдастырылған шағын гранттар байқауында облыстан бірқатар жобалар жеңімпаз атанған. Олар «Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру» «ONERBILIM ордасы » , « Көше шамдарын орнату» және «Берікқара ауылдық округінің жастар саябағын жандандыру» атты жобалар үздік деп танылған.Қазіргі жеңімпаз атанған жобалар өз жұмыстарын іске асыруда. Жобалардың сәтті әрі сапалы орындалуы үшін Community орталықтан бағыт бағдар беріліп бірлесе жұмыс жүргізуде.
Орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықтың даму моделін құруға бағытталған. Орталық аясында жергілікті сарапшылар жергілікті өзін-өзі басқару бойынша кеңес (оффлайн және онлайн) береді. Яғни, жергілікті тұрғындар шешім қабылдау процесіне қатысу туралы кеңестер алуға мүмкіндік алады: жергілікті қоғамдастықтың жиынын, жиналыстарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастыққа кіру, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан 78/202 кб мекен-жайға, 87011209069, azamattyq.baqylau@gmail.com жүгіне аласыздар!