• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 14:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ

turan_admin turan_admin
18.08.2021, 23:33
Облыс жаңалықтары
ТУРИСТІК НЫСАНДАР САНЫ 37-ДЕН 65-КЕ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
845
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы тарапынан жалпы соммасы 18 211 млн. теңгені құрайтын, 9 инвестициялық жобалар тізімі жасақталып, оларды ілгерілету бойынша шаралар атқарылуда. Олардың қатарында «Тектұрмас» этнотарихи кешені (Тараз қаласы), «Қаралма» тау-шаңғы кешені (Жуалы ауданы), «Тобышақты» этноауылы (Жуалы ауданы), «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы (Жуалы ауданы), «Әулие бастау» туристік кешені (Жамбыл ауданы), «Алтын Бұлақ» демалыс орталығы (Жамбыл ауданы), «Таскөл» демалыс орталығы (Жамбыл ауданы), «Асем» этно-туристік кешені (Жамбыл ауданы), «Меркі» туристік демалыс орталығы (Меркі ауданы) бар. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 480 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Ағымдағы жылы Таразда ауқымы жағынан орасан зор «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ежелгі Тараздың тарихын толық көрсететін «Тектұрмас» этно тарихи кешені Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының 24 гектар биік баурайында орналасқан. Тарихи кешен – бұл көне қала бейнесіндегі ортағасырлық түркі елдерінің Тараз өңіріндегі киелі орны, бүкіл түркі әлемінің тарихын бейнелейтін тарихнама. «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қала өмірінің барлық кезеңдерін ашып көрсететін, біздің өңірде болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын көруге мүмкіндік беретін көптеген сәулет құрылыстарынан тұрады.

Мұнда Тараз қаласының басты символы – «Әулие-Ата» Ұлы бабамыздың ескерткіші орнатылды. Салмағы 28 тонналық ақ мәрмәрден құйылған «Әулие-Ата» ескерткіші тұғырының биіктігі 8 метр, ал ескерткіш мүсінінің биіктігі 13 метр. Ескерткіш мүсініндегі бейнеленген билік құрған тұлғаның бөркі, шапаны, бет келбеті даналықтың символын білдіреді. Батысқа қарап қол жайған Әулие бабамыз Тараз халқының берекелі өмір сүруіне өз батасын беріп тұрғандай сомдалған. Кешенге кіре берісте көне түркі жазулары мен петроглифтермен безендірілген жасанды тастардан жасалған қабырға орналасқан. Тұрғындар 9 метрлік сарқыраманы, бекініс қабырғаларын және ұзындығы 1,5 км болатын Талас өзенінің бойындағы аббаттандырылған жағалауды тамашалай алады. Мұнда бірнеше көру алаңдары бар 86 қадамнан тұратын үлкен ағаш баспалдақ бой көтерді.

Халқымыздың рухани әлемін байыту мақсатында салынған, облыс туризмінің дамуына жаңа серпін беріп отырған ежелгі қалашық, Тараз қаласының тұрғындары мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Аталған кешенді жетілдіру жұмыстары жалғасатын болады. Болашақта, құрылыстың екінші-үшінші кезеңдерінде, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қосымша тарихи және танымдық нысандармен кеңейтіледі.

Осылайша, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Көне Тараз» тарихи этномәдени кешені, «Көне Тараз» археологиялық паркі, «Қарахан» мен «Дәуітбек» кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Март» сауда орталығы нысандары Тараз қаласы орталығының ауқымды алаңындағы ірі туристік аймақты құрап, Әулие-Ата өңірінің салт-дәстүрімен, ұлттық мәдени мұрасымен, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетімен, қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен танысуға қолайлы жағдай жасап, киелі Тараз жерінің қуатын толығымен сіңіруге мүмкіндік береді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы аймаққа 94 479 турист келді. Олардың 1 557-і шетелдік туристер, қалған 92 922-і еліміздің басқа аймақтарынан келген туристер. 2021 жылдың 1-ші тоқсанының нәтижелері бойынша келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,7%-ға артып, 29 270 адамды құрады, оның ішінде 228 шетелдік турист, қалған 29 042-сі елдің басқа аймақтарынан келген туристер.

Түркі әлемінен мұра болып қалған тарихи-мәдени құндылықтар, ескіліктің ғажайып ескерткіштері, қала құрылысындағы болып жатқан заманауи өзгерістер, шығыс стилінде салынған тарихи және танымдық нысандар, қасбеттері түрлі түсті керамикалық өрнектермен әшекейлендірілген сәулеттің тамаша өнері өңірімізге көптеп келіп жатқан туристерді тамсандырып, киелі өлкеміздің беделін арттыруға қолайлы жағдай жасап отыр.

Бүгінгі таңда, осындай орасан зор туристік әлеуеті бар, тасын түртсе тарихы көрінетін Тараз шаһары «Қазақстандағы тарихи туризм орталығы» мәртебесіне лайықты түрде ие болып отыр.

          Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: кешеннысаноблысТаразтуризм
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.