Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 10 тамыз күні Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Хәкім Абай даналығы-қазақ халқының өмірлік философиясы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, Барыс ІІ дәрежелі орденінің иегері, Абайдың ағасы Тәкежанның келіні Азимбаева Рахат Омашевна, Назарбаев Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Құрманбай Гүлтас Сайынқызы, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Саламатова Рахат Маханбетжанқызы Абай шығармаларындағы ұлттық рух, дүниетанымдық мәселесі, ақынның шығармаларына көрініс тапқан адамгершілік құндылықтар туралы, ақынның өзіндік шеберлігі мен ерекшелігін ашып көрсетті.
Абай шығармаларын насихаттау, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға барлығы 296 мұғалім қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы