• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

2GIS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨЗІНІҢ ЖОБАСЫН 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ІСКЕ ҚОСАДЫ

11.08.2021
0
«TULPARCARD» МЕН «BALAPEY» КОМПАНИЯЛАРЫ БІРІКТІРІЛІП, МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ АРНАЙЫ ЖҮЙЕМЕН ЖАБДЫҚТАЛАТЫН БОЛАДЫ
280
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында елді мекендерді 2020 жылға дейін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі тайға таңба басқандай көрсетілгенімен, бүгінде жоспарлы жұмыстар баяу жүргізіліп жатқанын мойындауымыз керек. Тіпті өңірдегі шалғай аудандарда жоғары жылдамдықты интернет түгілі, ұялы байланыс мүлде ұстамайтын елді мекендер де бар. Аталған олқылық былтыр әлемді дүрліктірген пандемия кезінде, яғни мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқуға көшкенде алдымыздан шыққаны белгілі.ыған заманда кез келген ауыл тұрғынының адамзат үшін жасалған игіліктің рақатын көруі керек екенін жете ұғынған басқарма интернеті жоқ ауылдардың санын азайту бағытында да бас бармақпен бағалауға тұрарлықтай жұмыстар атқаруда.

 

Бүгінгі таңда «Newtelecom» компаниясы өз инвестициялары есебінен облыста талшықты-оптикалық және сымсыз байланыс желілерінің құрылысын жүргізуде. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінгі таңда облыстың барлық 10 ауданында абоненттер интернетке белсенді қосылуда. Нақты айтар болсақ, бұрын-соңды интернеті болмаған, 15 000-нан астам адам тұратын 63-тен астам елді мекен қамтылып, 2606 абонент қосылған. Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологияларды дамыту басқармасы басшысы елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары алдағы уақытта да қарқын ала беретінін айтады. Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында «қызыл сызықтағы» және «сақалды» құрылыс нысандарының жай-күйі қаралды. Сол жиында Бердібек Машбекұлы геопортал жұмысын 1 шілдеге дейін аяқтауды, онда жер телімі, үй кезегі секілді кез келген мәлімет халыққа да, инвесторларға да қолжетімді болуын талап еткен болатын.Қазіргі уақытта аймақ басшысы берген тапсырма толықтай орындалды деуге негіз бар. Басқарма басшысының айтуынша, геопортал дайындығын есептеу әдістемесі негізінде өңірлік геоақпараттық жүйені әзірлеу жұмыстары 97,7 пайызды құрап, республика деңгейінде төртінші орынға көтерілген. Бірыңғай платформа ретінде e-jambyl.kz домендік атауы қалыптастырылған. Қалыптастырылған жүйеде тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасы жасалған. Онда 160-тан астам және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасы дайындалып, 367-ден астам картографиялық деректер енгізілген.

Жалпы геопортал ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты –барынша ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қатынастары саласында орын алатын олқылықтарды түбегейлі жою. Қазіргі таңда облыстың геоақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті сай негізгі платформаны өрістету, қолда бар картографиялық деректерді енгізу, сәулет, жер қатынастары салаларына қатысты мемлекеттік қызметті автоматтандыру, Тараз қаласы бойынша жер учаскелерінің шекараларын сәйкестендіру бағытында аэротүсірілім жүргізу жұмыстары толық жүргізілген. Тараз қаласының жалпы ауданы 243 шаршы шақырымды құрайтын аумаққа аса жоғары шешімді масштабы 1:500, кеңістік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аэрофототүсіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, жер учаскелерінің шекараларына мониторинг жүргізу жұмыстары аяқталған.  Көп ұзамай енді жамбылдықтар порталдың пайдасын көре бастайтын болады.

Әлемнің 11 елінің 400 қаласында жұмыс істейді, аудиториясы 55 000 000 астам пайдаланушыны құрайтін 2GIS халықаралық компаниясы Тараз қаласында өзінің жобасын 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосады. 2GIS – бұл мобильді, web және жұмыс үстелі қосымшаларында бар қалалық ақпараттық қызмет. Ол ұйымның анықтамалары мен қаланың нақты картасын біріктіреді. Осы кезеңде Тараз қаласы бойынша ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде (спорт және балалар алаңдары, саябақтар, көрнекті жерлер, демалыс және ойын-сауық орындары, киелі нысандар, қалалық көлік маршруттары, ұйымдар, үйлер және тағы басқалар). Пайдаланушылар 2GIS-те қала туралы толық, дәл, нақты мәліметтерді тегін алады.

– 2021 жылы 21 сәуірде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Тараз қаласында жол ережелерін бұзуды фото-видео жазу «Сергек» жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бастамашылық жасалды. Жобаны іске асыру кезеңі 2021-2026 жылдарды қамтиды. Алдағы уақытта жоба шеңберінде 1250 жалпы бейнебақылау камералары және аппараттық-бағдарламалық кешеннің 48 камерасы қойылады, –  дейді Архат Қайратұлы.

Мұнан басқа да облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасы бойынша басқарманың алдағы жоспарлары ауқымды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, басқарманың алдағы мақсаты – айқын, бағыты – анық. Егер жобалар тиімді жүзеге асса цифрландыру саласындағы көптеген күрмеулі мәселелер шешімін тауып, кем-кетігі түзеліп қалатыны анық.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

 

Тегтер: компанияТаразцифрландыру

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты