Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының тарапынан діни бірлестіктер өкілдерінің көмегімен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріледі. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды жүргізуге діни бірлестік өкілдері де қатыстырыла отырып іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, «Жамбыл адалдық алаңы» жобасының өкілдерімен бірлесе 2019 жылдан бері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында облыстағы мешіттерде жұма намазына жиналған жамағатқа мешіт имамдарымен сыбайлас жемқорлықтың қатері туралы насихат шаралары жүргізіліп келеді. Жоба аясында Тараз қаласы мен аудандардағы барлық мешіттер қамтылды.
Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты бұл жұмыстар тоқтап қалған болатын. Карантиндік талаптар жеңілдетілген соң биылғы жылы да бұл жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Жыл басынан бері Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасына жалпы 23 өтініш келіп түскен. Оның 10-ы жеке тұлғалардан, 13-і заңды тұлғалардан. Өтініштердің 12-сі дін саласына тікелей қатысты болса, ал қалған 11 өтініш Басқарманың басқа қызметтеріне (бюджет, кадр т.б.) қатысты болды. Жыл басынан бері Басқарамаға келіп түскен өтініштер бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылының тұрғындарының ауыл имамының әлеуметтік мәселесін шешу бойынша жолдаған өтінішіне сәйкес тиісті мекемелерге хабар беріліп, ауыл имамының тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, Тараз қаласы, Хамукат массивіндегі ескі мешіт ғимаратын қалпына келтіріп, діни бірлестік ретінде тіркеу бойынша тұрғынның өтініші негізінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған аумақта мешіттің болуына байланысты, мешіт қажет емес екендігі анықталды. Бұл бойынша өтініш иесіне түсіндірме хат жолданылды. Бұдан бөлек, діни бірлестіктердің қызметінің заңдылығын анықтау бойынша келіп түскен өтініштер бойынша діни бірлестіктердің қызметіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Басқармаға келіп түскен барлық өтініштерге өз мерзімдеріне сәйкес жауаптар жолданылды.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды