• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ОБЛЫСТА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ 1 ОБЛЫСТЫҚ, 7 ҚАЛАЛЫҚ, 10 АУДАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОПТАРЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

06.08.2021
0
ОБЛЫСТА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ 1 ОБЛЫСТЫҚ, 7 ҚАЛАЛЫҚ, 10 АУДАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОПТАРЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА
209
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының негізгі жұмыс бағыты «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы №953 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасыныңдін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сай белгіленген. Басқармаға «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 1 нысаналы индикатор (Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайту), 3 нысаналы көрсеткіш және 9 тармақ бойынша, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 17 тармақ бойынша орындау бекітілген.

Карантин жағдайына қарамастан а.ж. I жартыжылдығының қорытындысы бойынша аталған құжаттардағы Басқармаға қатысты тармақтары толығымен орындалды. Мемлекеттік бағдарламадағы діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын азаматтарды азайту нысаналы индикаторын (2017 жылмен салыстырғанда) биылғы жылы – 50%-ға жеткізу қажет болса, бүгінгі күнге индикатор 47,3%-ға орындалған.

Жалпы алғанда, Басқармамен атқарылатын жұмыстардың негізгі бөлігі жабық сипатта. Дегенмен, негізгі жұмыстарға тоқталып өтсек:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің әдістемесі бойынша Басқармамен жұмыстар 3 бағытта атқарылады. Олар:

Біріншісі. Адрестік (нақты) ақпараттық-түсіндіру жұмысы. Осы мақсатта облыста дін саласындағы 1 облыстық, 7 қалалық, 10 аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары (бұдан әрі – АТТ) құрылып, құрамындағы 122 топ мүшелерімен тұрақты жұмыс атқарылуда.bАТТ құрамы дінтанушы, теолог және исламтанушы мамандардан, әкімдіктердегі ішкі саясат бөлімдері мен Жастар ресурстық орталықтарының мамандарынан, ардагерлер кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелерінен құралған.

Екіншісі. Интернет кеңістікте қарсы насихаттау жұмысы.

Интернет желілерінде қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыруда 5 негізгі ресурс арқылы жүргізу қолға алынған. Олар:

1) Интернет сайттар. Облыста діни бағытта dini.zhambyl.gov.kz, asyldin.kz сайттарының қызметі жүргізіледі.

2) Әлеуметтік желілердегі парақшалар. Instаgram, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілерінде арнайы ашылған парақшалардың мүмкіншіліктері арқылы ақпараттандыру шаралары ұйымдастырылады.

3) Блогерлік топ. Облыста дінтанушылар мен теолог мамандардан құралған блогерлік топ құрылып, әлеуметтік желілерде діни тақырыптарда жауап беру жұмыстарымен айналысады.

4) Видеоматериалдар әзірлеу. Діннің өзекті тақырыптарында арнайы әзірленген видеоөнімдер Youtube видеохостингі мен Instаgram әлеуметтік желісінде ашылған парақшаларда жарияланады.

5) Халықпен кері байланыс орнату арқылы. «Telegram», «Whatsapp» мессенджерлерінде топтар ашылып, аталған топ арқылы тұрғындар көкейінде жүрген теологиялық тақырыптағы сауалдарына жауаптарын ала алады. Сонымен қоса, Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Сенім телефонының» (51-50-20) және +7 (747) 8417122) қызметі үйлестіріледі.

Бұдан бөлек, интернет кеңістігінде діни экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттардың таралуының алдын алу бойынша мониторинг жұмыстары бір жолға қойылған. Бұл бағытта «Талдамалылық интернет карта», «Кибербақылау», «Контр» сынды ақпараттық жүйелердің көмегімен тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Үшіншісі. Оңалту және дерадикализациялау жұмысы. Оңалту және дерадикализациялау жұмысы барысында деструктивті діни идеологиялардан зардап шеккен тұрғындармен, түзеу мекемелерінде экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталушылармен, қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған азаматшалармен профилактикалық шаралар жүргізіледі. Ағымдағы жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесі — деструктивті діни ағымдардың жетегінен 77 азамат қайтарылып, түзеу мекемелерінде 8 сотталушы қоғамға бейімделді.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: Дінтанушысауалнаматүсіндіру жұмыстары

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты