• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАЗА ҚАЛАҒА-ТАЗА ЖАРНАМА

turan_admin turan_admin
06.08.2021, 02:42
Облыс жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ
321
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тарапынан  сыртқы көрнекі ақпараттардың және жарнамалардың қолданыстағы тіл заңнамаларына сәйкестігі және сауаттылығына мониторинг тұрақты жүргізілуде. Мысалы, ақпан айында «Сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты облыстық айлық, мамыр айында «Таза қалаға-таза жарнама» акциясы өткізілді. Шаралар барысында халыққа қызмет көрсету орындарындағы көшелер бойындағы, сауда орталықтары мен басқа да жеке кәсіп нысандарындағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуы, мемлекеттік тілдің қолданылуы зерделенді. Рейдтік шаралармен 13 мыңнан астам сыртқы көрнекілік ақпарат құралдары қамтылды. Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бизнес субьектілеріне әдістемелік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Сарысу, Талас және Шу аудандарының орталықтарындағы 500-ге жуық көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігі зерделенді.

Анықталған кемшілік бойынша кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді. Осы орайда, «Сауатты жарнама тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Шу аудандарының кәсіпкерлері және жарнама агенттіктерінің өкілдерімен 7 семинар-тренинг өткізіліп, әдістемелік құралдар  таратылды.  Мамыр айында облыс орталығындағы қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкестігі зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың маусым айында Тараз қаласының жеке кәсіпкерлерімен, жарнама агенттіктерінің өкілдерімен «Сауатты жарнама — тіл абыройы» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі, жазылуы мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау мәселесі бойынша  кәсіпкерлерге нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған 45 адам қатысты.

Жамбыл, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас аудандарындағы тұрмыстық қызмет көрсету орындарының өкілдеріне жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі, жазылуы мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау бойынша кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қордай ауданының  орталығында 3 жарнама агенттігінің өкілдері және 7 жеке кәсіпкермен кездесу өтті. Кездесу барысында  жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше, жазылуы түсініксіз немесе жаңа ғимараттарды атау барысында «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының баптарын негізге алу түсіндірілді.

Есепті мерзімде басқарма және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласының әкімдігі, облыстық кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, Тараз қаласының сауда және тамақтану орындарының өкілдерімен, жеке кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды. Оған 26 шағын және орта бизнес өкілі қатысты. Кездесу барысында сауда және тамақтану орындарында халыққа қызмет көрсету кезінде азаматтар арасында тілдік негізде шиеленістер орын алдырмау керектігі, этнос өкілдерінің иеліктеріндегі сауда және тамақтану орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңдарының талаптарына сәйкес болу қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесуге қатысушылар халыққа қызмет көрсету кезінде тұтынушы мен кәсіпкер арасында тілдік негізде шиеленістерге жол бермейтіндіктері туралы және халыққа қызмет көрсету кезінде әдептілік ережелерін сақтап, сыпайылық танытатындықтарын айтты.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан айына бір рет  Тараз қаласы көшелеріндегі көрнекі ақпараттарды біріздендіру мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, 6 көше, 1898 көрнекі ақпарар мен жарнамалар зерделеніп, 243 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге әдістемелік көмектер көрсетілді.  Сондай-ақ, жарнама сауаттылығы бойынша оң пікір қалыптастыру мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында әлеуметтік желілерде #ономастика хэштегі ашылып, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар жариялануда.

 

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

 

Тегтер: Жарнамакөмексауатты жарнаматаза қала
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.