Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіруге, осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және оның есебін уәкілетті органдарға тапсырып отыруға жауапты болып басқарманың бас маман заңгері белгіленген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже бекітілуіне байланысты, Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №55 қаулысымен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта тіркелген. 2018 жылғы 25 қаңтардағы облыс әкімдігінің № 9 Қаулысымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 16 тармағына сәйкес, басқарма жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады (10.03.2020 жылғы облыс әкімдігінің № 50 қаулысымен толықтырылған).
Жарғының 33 тармағы 11 тармақшасына сәйкес Орталық директоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады делінген. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін gov.kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасында басқарма басшысының блогы мен басқарманың (45-45-99) «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілеріне және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін 10 жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер ескерту түрінде көрнекі жерге орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшігі орнатылған.
Басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру фактілерінің орын алмауы үшін және мемлекеттік қызметпен сыйыспайтын шектеулерді сақтауға қызметкерлерді міндеттеу мақсатында 2017 жылғы 22 мамырдағы басқарма басшысының №32 бұйрығына сәйкес, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілген. Аталған Стандартпен басқарманың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен штаттан тыс қызметкерлер толық таныстырылған. Облысымыздың тұрғындарын толыққанды ақпараттандыра отырып, Басқарманың барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелері, бюджеттік бағдарламалар мен жоспарлар, мемлекеттік сатып алудың 2016-2021 жылғы жылдық жоспарлары, хабарландырулар мен қорытынды хаттамалары туралы мәліметтер (мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтемелер) басқарманың ресми сайтында жарияланған.
Сонымен қатар, «Ашық бюджеттер», «Ашық деректер» порталдарында ақпараттар салынып отырады. Жыл сайын міндетті кірістер мен мүлкі туралы салық декларациясын барлық қызметкерлер уақтылы тапсырып отырған. Басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты жүргізіліп келеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспары бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында жастар көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулын қалыптастырылып, бекітілді.
Спикерлер жоспарға сәйкес апта сайын жастармен кездесулер өткізіп отыратын болады. Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жетістіктің негізгі кілті жауапкершілікте» тақырыбына Меркі ауданы жастарымен интеллектуалды кеш ұйымдастырылды. Тараз қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты аясында а.ж. І жартыжылдықта барлығы 6 117 адамды қамтыған 213 іс-шара өткізілген. Есептік кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық фактілері орын алмаған. Ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің саны азайған. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында бойынша 21 өтініш түскен. Оның 2-уі жеке тұлғадан 19-ы заңды тұлағалардан.
Ал, биыл 8 айда жеке және заңды тұлғалардан жалпы 13 өтініш түскен, оның ішінде 4-уі жеке тұлғалардан, 10 өтініш заңды тұлғалардан. Өтініштерде мерзімін бұзып жауап беру фактілері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, келіп түскен өтініштерге белгіленген мерзімде жауаптар беріліп отырған.
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына ай сайын өтініштер бойынша есеп тұрақты беріліп отырған. Басқарма тарапынан заң бұзушылықтардың орын алғаны туралы ескертпелер мен хабарламалар түспеген. Сонымен қатар, басқарма жұмысына және басқарма қызметкерлеріне қатысты түскен арыз-шағымдар түспеген.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды