• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қырғызстанға «QazVac» қазақстандық вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді

turan_admin turan_admin
28.07.2021, 16:20
Қазақстан жаңалықтары
Қырғызстанға «QazVac» қазақстандық вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді
212
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде Қазақстаннан «QazVac» инактивтендірілген вакцинасының 25 000 доза көлемінде ізгілік көмек жеткізілді.

Оны Бішкекте тапсыру рәсімі Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Министр А.Бейшеналиев елде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына шынайы ризашылығын білдірді.

Біз Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қырғызстандықтар QazVac-пен де екпе алатынына қуаныштымыз, — деп атап өтті ол осы орайда.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады және азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупін азайту бойынша республиканың медициналық жүйесінің мүмкіндіктерін нығайтады.

Өз кезегінде Р. Жошыбаев вакцинаны жеткізуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөздерінің нәтижелері бойынша берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі ұйымдастырғанын атап өтті.

Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды, – деп атап өтті елші.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

«QazVac»-ты Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өндіріп шығарған және 2021 жылдың басынан бері ол ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін кеңінен қолданылады. Қазақстанда клиникалық сынақтар мен оны кеңінен қолдану тәжірибесі «QazVac» вакцинасының қауіпсіздігін және оның коронавирустық инфекция мен оның ауыр түрлерін жұқтырудың алдын алуда жоғары тиімділігін (90%-дан астам) көрсетті. «QazVac»-пен вакциналау 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады және бұлшықет ішіне екі кезеңде жүргізіледі, олардың арасындағы ұсынылатын аралық 21 күнді құрайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, салалық органдар отандық вакцинаға келісім алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/news/othernews/kyrgyzstanga-qazvac-kazakstandyk-vakcinasynyn-25-myn-dozasy-zhetkizildi/

Тегтер: #Қырғызстан # «QazVac» # қазақстандық вакцина # қайырымдылық
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.