• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

turan_admin turan_admin
08.07.2021, 17:13
Аудан жаңалықтары
ДЕПУТАТТАР  ӨҢІРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
320
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жыл басында Әулиеата жұртшылығы қос бірдей азаматын сонау Елорда төріне аттандырып, халық қалаулысына лайық деп танығалы біршама уақыт өтті. Ел сенімін ақтау үшін олар жұмысқа кіріскен күннен бастап-ақ, жамбылдықтардың түйіткілді мәселелерін көтеріп, шешу жолдарын қарастыруға күш салды. Үкілі сенімнің үдесінен шығуға білек сыбана кіріскен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мешелері Мейрамбек Төлепберген мен Гүлдара Нұрымованың облысымызға жұмыс сапарымен қайта қайырылуы оларға түскен таңдаудың бекер емес екіндігін аңғартса керек.

Жұмыс кестесін Тараз қаласынан бастаған депутаттар кеше Жамбыл ауданында болып, тұрғындармен жүздесіп, олардың талап-тілегіне құлақ асып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Алдымен халық қалаулылары Гродеково ауылына барып, Андрей Тимофеев басшылық ететін «Тимофеев» шаруа қожалығындағы тынымсыз тірліктің куәсі болды.

Жеке кәсіпкер 1994 жылдан бері егін егіп, мал асырап, өнімін сатылымға шығарып, табыстың тайқазанын тасытып отыр. 2500 гектарға бидай, арпа, жүгері, жоңыршқа, пияз, сәбіз егіп, 34 адамды жұмыспен қамтыған шаруа қожалықта 15 дана трактор, 5 бірлік комбайн, тіркеме цистерна және басқа да ауылшаруашылық техникалары бар. Бұдан бөлек 1500 тонна көкөніс сақтауға арналған аумағы 800 шаршы метрді құрайтын 4 қойманың жұмысымен таныстырған Андрей Алексеевич 350 бас шошқа, сүтті сиырлар мен олардың төлдері қоныстанған қора-қопсықты көрсете келіп, сүт, ірімшік, құрт секілді өнімдер шығарылатын кішігірім цехтың жұмысына шолу жасады. Тірліктің көзін таба білген ол кәсібінде кейбір мәселелердің бар екенін жасырмады. Андрей Тимофеев мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің, субсидияның шарапатын көрмей отырғанын, өнімді қаланың түкпір-түкпіріне сатылымға шығарғанымен ондағы дөңгіршектерге берілген жер көлемі қуықтай екенін қынжыла жеткізді. Расымен, Андрей Алексеевия тек кәсібімен ғана танымал емес, оның жомарттығы, ауыл тұрғындарына қарайласып көмек көрсетуі өз алдына бір төбе. Оны мұқият тыңдаған Гүлдара Алданышқызы қойын дәптеріне түртіп алып, өз бақылауында ұстайтынын қадап айтты.

Сондай-ақ депутаттар партияның өңірлік Сайлауалды бағдарламасындағы аргарлық саланы дамытуға бағытталған тармақтарға тоқталды. Атап айтқанда, облыс аумағында 2022 жылы 7 жаңа су қоймасын салу есебінен 34,5 мың гектар жерді қалпына келтіру және 2025 жылға дейін каналдарды жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат берді.

Мұнан соң халық қалаулылары екі топқа бөлінді. Кестелік жұмыс жоспары бойынша Гүлдара Алданышқызы Гродеково ауылдық Мәдениет үйінде жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, олардың талап-тілегіне құлақ түрді. Жүздесуден соң депутат мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру білім ордасының, аудандық емхананың жұмысымен, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балаларды бейімдеу орталығының жұмысымен етене танысып, медицина қызметкерлерімен жүздесіп, олардың сауалын назар алды.

Ал Мейрамбек Мылтықбайұлы Жалпақтөбедегі өнер ордасында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіп, ауызбіршіліктің қастерлі ұғым екенін жеткізді. Партияның алға қойған жоспарлары бойынша тарқата айтып, 2025 жылға дейін еліміздегі 3500 ауыл жаңа стандартқа сай өзгертілетінін, 8400 жұмыс орны ашылатынын БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

Халық қалаулыларының ауданымызға сапары кезінде аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Ерлан Қыдыралыұлы, Олжас Баққараев және округ әкімдері мен тиісті сала басшылары бірге жүрді.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.