• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Таразға тарту» жобасы аясында тағы 11 нысан пайдалануға берілді

03.07.2021
0
«Таразға тарту» жобасы аясында тағы 11 нысан пайдалануға берілді
327
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Таразда астана күні қарсаңында «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев барлық жұмыстары аяқталған нысандарды арнайы аралап, танысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Таразға тарту» жобасы бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарта отырып, скверлер мен аллеялар салуға, қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Әр нысанға жауапты ретінде облыстық басқармалар мен департаменттер, аудандық әкімдіктер бекітілген. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер де атсалысуда.

Мәдениет, архивтер және құжаттама, тілдерді дамыту, туризм басқармаларының жауапкершілігімен Абай даңғылы бойындағы №153, 155 көп қабатты үйлердің маңындағы саябақты абаттандыру жұмыстары орындалған. Мұнда жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, арық науалары орнатылып, тротуарлар салынып, көгалдар пайда болған. Сондай-ақ, үлкен спорт алаңы салынған.

Сарысу ауданы Абай даңғылындағы №200 көпқабатты үйдің іргесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстарын ойдағыдай жүргізген. Олар тротуарларды реттеу, жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, арық науаларын жаңарту жұмыстарын атқарып, ағаш көшеттерін отырғызған. Сквер аумағында спорт және балалар ойын алаңдары ашылған.

Аймақ басшысы, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевке іргелес үйдің қасбетін жаңартуды тапсырды.

Қала тұрғындары облыс басшылығына және «Таразға тарту» жобасының қатысушыларына ризашылықтарын жеткізді.

— Қаланың шырайы арта түсуде. Жаңа саябақтар мен скверлер қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналуда. Біз әр кеш сайын отбасымызбен саябақтарда серуендеп, оң өзгерістерге куә боламыз.Басқа қалалардан келген достарымыз бен таныстарымызға шаһарымыздың көрікті жерлерін мақтанышпен көрсетеміз. Мұнда суару жүйесімен қамтылғаны қуантады. Гүлдерді өзіміз күтіп-
баптайтын боламыз, — дейді тараздық Гүлмира Рашева. Сондай-ақ, осы көшедегі №202 көпқабатты үйдің жанындағы аумақты абаттандыру бойынша меркіліктер тындырымды тірлік атқарған. Олар шағын архитектуралық формалар орнатып, аумақ ажарын аша түскен. Ал, «Жамбыл су» КММ Байзақ батыр көшесіндегі №170 көп қабатты үйдің жанындағы саябақты абаттандырумен қатар, аялдамаларды пандустармен қамтамасыз еткен.

— Біздің ауламыз адам танымастай өзгерді.Жаңа асфальт, тротуар, орындықтар, балалар алаңы салынды. Үйіміздің іргесі қаланғанына жарты ғасырға жуықтағанмен, ауласы енді ғана абаттандырылды. Ендігікезекте мұны ұқыпты пайдаланып, күте білуіміз керек. Тұрғындар ауланың тазалығына алаңдауда. Құрал-жабдықтарды балалардың күтіп ұстауын өзіміз бақылауға алуға дайынбыз, — дейді зейнеткер Асия Пяк.

Бердібек Сапарбаев тұрғындардың өздері мұқият болса, ауладағы жайлылық біраз жылға сақталатынын тілге тиек етті.

— Тәуелсіздік мерейтойына орай аудандар, басқармалар, мекемелер Тараз қаласына тамаша тартулар жасауда. Ендігі біздің мақсат – соларды барынша сақтай білу. Көп дүние азаматтардың өздеріне байланысты. Билік пен тұрғындар бірлесіп жұмыс жасауы керек. Кейінгі ұрпақтарымыз оларға
осындай қолайлы жағдай жасағанымыз үшін алғыс айтатын болады. Балаларды еңбекке, саламатты өмір салтын ұстануға баулу керек. Қалада көптеген спорттық және мәдени нысандар салынуда. Барлығы жас ұрпақ игілігіне негізделген,- деді облыс әкімі.

Аталған көшедегі 185/2 көп қабатты үйдің жанындағы скверді реттеу байзақтықтарға жүктелген. Мұндағы жұмыстар бекітілген кестеден қалып қойған. Аймақ басшысы мұндағы бірқатар жұмыстарды қайта толықтыруды тапсырып, мүмкіндігінше қоқыс жәшігі мен орындықтар санын арттыруды, балалар алаңшасын салу керектігін айтты. Жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауды тапсырды

Мойынқұм және Жамбыл аудандары Сәкен Сейфуллин көшесіндегі шағын аудандардағы аумақтарды ұлтық нақышта айрықша етіп абаттандырыпты.

Қазыбек би көшесіндегі №131, 133 көп қабатты үйлердің маңындағы аумақ таластықтардың күшімен көркейе түскен. Олар тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуден өткізіп, қабырғаларын муралдармен безендірген. Балалардың ойын және спорт алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолын реттеп, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатып, арық науаларын ауыстырған.

Қазыбек би көшесіндегі №179 көп қабатты үйдің жанындағы гүлзардағы жұмыстарды сәтті аяқтаған
жуалылықтар да ондағы үйлердің қасбеттерін әрлеуге де ерекше көңіл бөлген. Балалар алаңы да арнайы жабдықталған. Тұрғындар да дән риза.

— Құрылысшылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен атқарды. Біз балалар алаңдарына арналған шатырлы орындықтардың, арнайы фигуралардың сапалы материалдардан жасалғанына көз жеткіздік, бұл олардың шыдамдылығы мен жайлылығын қамтамасыз етері сөзсіз, — деді қала тұрғыны Любовь Рябова.

Сол секілді, Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі Қ.Тұрысов көшесіндегі саябақты абаттандырумен қатар көлік тұрағын да реттеген. Осыған іргелес үйдің аумағындағы скверді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, экология департаменті абаттандырып, шағын сәулет формаларымен безендірген.

Айта кетейік, биыл «Таразға тарту» жобасы аясында барлығы 42 нысанды қамту жоспарланған. Олардың бесеуі маусым айының соңында тапсырылған болатын десек, енді жұмысы аяқталған нысандардың саны 16-ға жетіп отыр.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.36.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.35.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.34.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.33 (1).jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.33.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.32.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.40.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.39 (1).jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.39.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.38 (1).jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.38.jpeg
WhatsApp Image 2021-07-03 at 17.43.37 (1).jpeg
Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты