• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аудан жаңалықтары

Мемлекеттік инспектор — Жамбыл облысы Жамбыл ауданында

08.06.2021
0
Мемлекеттік инспектор —  Жамбыл облысы Жамбыл ауданында
356
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» атты қанатқақты жобасының жүзеге асырылуы барысын зерделеуге, жоба аясында жеңілдетілген несие алып, оның шарапатын көріп отырған шаруа қожалықтармен тілдесу үшін облысымызға арнайы келген Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов бастаған алқалы топ кеше жобаға ауданымыздан лайық деп танылған Бесағаш және Түрксіб ауылдарында болды. Алдымен мемлекеттік инспектор Бесағаштан құрылған «Іске сәт» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің егістік алқабын, және жаңа техникаларды көруден бастады.

Кооператив директоры Қыдыржан Дөненбаев алқалы топқа 100 млн 710 мың теңге техниканың 21 түрінен 22 данасы сатып алынғанын, бұл техникалар үй іргесіндегі жерлерге тиімді бағада соқа салып, қолғабыс етіп жатқанын тарқата түсіндіріп берді.

Мұнан соң Ғабидолла Абдоллаұлы жоба аясында несие алған бірнеше шаруа қожалық иелерінің үйлеріне барып, қаражатты нендей қажеттілікке жұмсағанын, кәсібінің бүгінгі жай-күйін сұрап, құжаттамаларындағы сәйкестікті егжей-тегжейлі қарады. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріндегі өзгерістерге назар аударды.

Мемлекеттік инпектордың ауданымызға сапары кезінде онымен бірге облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов, аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыс әкімдігі ауылшаруашылғы басқармасының басшысы Қайрат Аманов, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев бірге жүрді.
Расымен де Бесағаш округінде ілгерілеушілік бар. Неге десеңіз, тұрғындар үй іргесіндегі, егістік алқабындағы жерлерді тиімді пайдалану арқылы несібесін ұлғайтқан. Мысалға алар болсақ, округте жоба қолға алынбай тұрып 267 атаулы әлеуметтік көмек алушылар тіркелген. Ал бүгінде кәсіп ашып, жерден ризығын айырып отырған тұрғындар енді бұл көмекке зәру емес. Өйткені, олардың айлық табысы күнкөріс деңгейінен бірнеше есе артқан. Қәзірдің өзінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары 62 азаматқа азайған. Бұл округке берген қанатқақты жобаның ауыз толтырып айтатын жақсылығы десек артық айтқандық емес.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский