• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жаңалыққа жаны құмар Ғабиден

08.06.2021
0
Жаңалыққа жаны құмар Ғабиден
298
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жұмыр басты әр пенде де тірлігінде мына жарық дүниенің қызық- қуанышын көп көрсем, бала-шағамның ортасында ұзақ жүрсем дейді. Айым оңымнан туып, жұлдызым жарқырап, жайнап тұрса дейді. Әйтеуір, әрдайым осындай оңды адами тілектің жетегінде болатынымыз рас қой. Мұндай тәтті қиялың мен ой-арманыңның жолы кейде қысқарып кесіліп те қалуы ғажап емес, әртүрлі сырқатқа бой алдырып, басыңа ауыр сын-сынақ түсуі де мүмкін. Сондайда шыбын жаныңа араша түсіп, алып кететін ажалдың бетін қайтаратын дүниеде бір керемет кәсіп иелері бар. Олар –дәрігерлер.

Осындай ақ ниетті ардақты азаматтың бірі – Ғабиден Рахымжанов. Ол Сарысу ауданы, Саудакент ауылында 1987 жылы дәрігерлер отбасында дүниеге келген. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу факультетінің 2012 жылғы түлегі. Содан бері адамдардың денсаулығын ұзартып, қалыпты жағдайда болуына үзбей үлесін қосып келе жатқан жаны жайсаң, жүрегі жомарт дәрігер.

Еңбек жолын 2012 жылдан бастап Тараз қалалық көпбейінді ауруханасындағы хирургия бөлімшесінде бастаған ол бүгінде бірінші санатты дәрігер-хирург, өмір мен өлім жиі тайталасқа түсетін орын – ота жасау құрылымының меңгерушісі.

Бауыр, өт жолдары, асқазан-ішек, жарық ауруларын емдейтін дәрігерді пациенттері жақсы көреді. Өйткені, ол ота жасаудың нағыз кәсіби шебері, бөлімшедегі өз ісінің қыр-сырын әбден меңгерген, жас та болса, өте тәжірибелі жетекші хирург.

«Жылына шамамен 230-250 рет операция үстелінің жанынан табыламын. Адам болған соң, неше түрлі жайсыз жағдай, оқыс оқиға орын алып қалмауына ешкім де кепілдік бере алмайды. Мұндай кездерде көмекке, алдымен, біз келеміз. Дүниедегі ең ізгі мамандық делінетін дәрігерлікті өзің жаныңмен қалап алғаныңнан кейін, оны үлкен жауапкершілікпен, әрі сапалы атқаруың керек. Өйткені, осындай сәттерде саған айрықша сенім, үлкен үміт артылады. Жалпы, тағы бір атап айтарым, отаның оңайы болмайды. Өз басым мұны біле тұра, осы қиын салаға мамандандым. Оташылық жұмысымды жаман атқарып жүрмеген сияқтымын. Оны алғыс білдіріп жүрген пациенттерімнен білемін»,-дейді ол.

Сөзге сараң, іске мығым, қашанда жаңалыққа жаны құмар Ғабиден 2014-2016 жылдарында А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында медицинадағы ең соңғы технологиялардың бірі лапароскопия мен эндоскопияны оқып, білімін жетілдірген. 2017 жылы алған білімін алғаш рет Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында енгізіп, бұл әдіс-тәсілдермен жасалған оталар сәтті шықты. Бүгінде ол-өз ісінің маманы.

Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/SjoyCDnXWTp5s7R4A

Ғалия Ходжабаева Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығының тілшісі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты