• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық жұмыстары пысықталуда

07.06.2021
0
Жамбыл облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық жұмыстары пысықталуда
358
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігін баса айтқан болатын. Осыған орай биыл алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Nur Otan», «Ауыл» ХДПП, «Aq jol» ДП, «Қазақстанның Халық партиясы», «ADAL» партиясы филиалдарының өкілдері қатысты.

Жиында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының басшысы Серғали Айдапкелов баяндама жасады.

Оның айтуынша, ауылдық округ әкімдерін сайлау шілде, қыркүйек, қазан, желтоқсан айларында өтеді. Тұрғындар 97 сайлау учаскесі арқылы дауыс бере алады.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың мамыр айында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды қарастыратын түзетулерге қол қойған болатын. Әкімнің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлауды тағайындауға негіз болып табылады. Кандидат 25 жастан асқан, сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді болуы шарт, — деді С.Айдапкелов.

Жақында тіркелген саяси партиялардың кандидаттарды ұсыну үрдісі басталады. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар да қатыса алады. Ол үшін сол ауыл тұрғындарының яғни сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет.

— Ұсынылған кандидаттардың саны екіден аз болса, аудан әкімдері балама үшін өз кандидаттарын ұсынуға құқылы. Аудан әкімдері үміткерлерді жергілікті тұрғындармен келісе отырып таңдайды, — деді С.Айдапкелов.

Облыс әкімі бұл сайлаудың маңыздылығын, оған сапалы дайындалу керектігін атап  өтті. Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді әрекетіне негізделген шаралар қабылдауды, сайлаудың барлық қатысушыларының заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Алдағы сайлау халықтың билікке деген сенімін және әкімнің ауыл тұрғындары алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, ауыл әкімінің олардың мәселелері бойынша шұғыл әрекет ету  қабілетін арттырады, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеңес барысында пандемия жағдайында сайлауға қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары да назарға алынды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский