Талас ауданы Тамды ауылында 67 жасқа келсе де жүгіруден жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген Жақсылық Мамырбекұлы есімді қария тұрады. Жақында ғана ол Ыстықкөл қаласында өткен халықаралық жарыста топ жарды.
Тамдылық Жақсылық Мамырбекұлы жүгірумен зейнет жасына шыққаннан соң ғана айналыса бастаған.
Қазір Жақсылық аға 67 жаста. Аз уақыттың ішінде жүгіруден жеңіп алған жүлделері жетерлік. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде, Санк- Петербургте, Атырауда, Алматыда тағы да басқа қалаларда ұйымдастырылған жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген. Жуырда Ыстықкөл қаласында ұлт батыры Жұманазар Сатымқұл атындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Оған әлемнің 35 мемлекетінен 4 мыңға жуық желаяқ қатысып, бақ сынады. Ал, еліміздің атынан шыққан тек жерлесіміз ғана. Бұл жолы Жақсылық Мамырбекұлы 42 шақырым 195 метрді сағатта жүгіріп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Дереккөз Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі