• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы онкологиялық диспансері биыл пайдалануға беріледі

turan_admin turan_admin
31.05.2021, 17:54
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы онкологиялық диспансері биыл пайдалануға беріледі
348
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет жұмыс барысымен аралап, бірқатар нысандардың жағдайымен танысты. Аймақ басшысы алдымен «Сәуле» кондитерлік фабрикасына ат басын бұрды.

Сауле Жаңабекова жетекшілік ететін кәсіпорын осыдан төрт жылдай бұрын іске қосылған болатын. Фабриканың екінші кезеңі 2018 жылы жүзеге асқан.

Қазір мұнда үш өндірістік желі бойынша өнім шығарылуда. Олардың алғашқысы тәтті вафли болса, одан кейінгісі печенье және жылтыратылған вафли. Енді төртінші желіні іске қосу арқылы глазурдегі шоколад өнімдерін шығару жоспарлануда.

— Былтыр біздің фабрикамызда 1 200 тонна өнім өндірілді. Тәттілеріміз шетелдік импорттан еш кем түспейді, халықаралық стандарттарға жауап беруге қауқарлы. Фабриканың құрал-жабдықтарын Австрия, Дания, Швейцария сынды әлеуетті елдерден сатып әкелдік», — деген ұжым басшысы пандемиялық жағдай фабриканың да шаруасына кері әсерін тигізгенін жасырмады.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев орын алған уақытша ахуалға шыдамдылық танытуға шақырды.

— Фабриканың экспорттық әлеуетін жандандырған дұрыс. Бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті әкімдік те барынша қолдау көрсететін болады, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы келесі кезекте 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансерінің құрылысымен танысты. 14-шағын ауданның тұсынан іргесі қаланған ғимаратты «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС салуда. Нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Қазірдің өзінде мұнда құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып үлгерілген.

Облыс әкімі нысанның аумағын жіті аралап көріп, кейбір мәселелерге байланысты жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.

— Бұл – әлеуметтік нысан. Сол себептен мұнда олқылықтарға жол берілмеуі керек. Жұмыстың сапасын мұқият қадағалаңыздар. Мемлекет қаржысының әр тиынының сұрауы бар, — деген Бердібек Сапарбаев жұмыс күшінің тапшылығына назар аударды.

Тараз қаласындағы «ARAI-ELITE» жалпы білім беретін жекеменшік мектеп-гимназиясы бір ауысымда 1 025 оқушыны еркін қабылдай алады. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін оқу ордасында 15 сынып-кешені және 41 оқу кабинеті бар.

Білім ошағының асханасы 500 адамға шақталған. Екі спорт зал және екі спорт алаңшасы орналасқан. Сонымен қатар акт залы, компьютер сыныбы, жаңа модификациялы бөлмелері, шеберханамен жабдықталған. Толықтай бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Мектептің ішкі дизайнына, оқушылардың алаңсыз, сапалы білім алуына жасалған жағдайға оң бағасын берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұнда «Ата-ана бақылау» жобасын іске асыруды міндеттеді. Бұл қанатқақты жобамен биылғы оқу жылында он мектеп қамтылмақ.

— Мұндай еңселі, зәулім ғимаратта цифрлық технология да көрініс табуы тиіс. Сондықтан да «Ата-ана бақылауы» жобасын қолға алу керек. Тараздағы №53 мектеп-гимназиясы сол жүйемен жұмыс істеуде. Яғни, оқушының үйінен мектепке шыққанынан бастап, қайтадан үйінің табалдырығына аттағанға дейінгі әрекеттері ата-ананың бақылауында болады, — деді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.