• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Таразға тарту» – шаһар шырайын арттырар жоба

28.05.2021
0
«Таразға тарту» – шаһар шырайын арттырар жоба
413
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын  кезекті рет жұмыс барысымен аралап, құрылыс, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Алдымен облыс әкімі Жауғаш батыр көшесінде қайта қалпына келтірілген әмбебап спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Мердігер «Ғимарат Строй Com» ЖШС директоры Асқар Жетпісбаевтың айтуынша, спорт алаңы 20 күнде қайта жаңғыртудан өткен. Мұнда кіші футбол, баскетбол және волейбол ойнау үшін барлық жағдай жасалған.

— Қалада көп алаң қайта жаңғыртылды. Бірақ оның көбі бос тұр. Сол үшін спорт басқармасы қала тұрғындарын, жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, осындай әмбебап спорт алаңдарында жарыстар ұйымдастыруды қолға алуы тиіс. Кесте жасап, балалардың жазғы каникульда уақтын тиімді өткізуге күш салу керек. Қажет болса, бос тұрған мектеп спорт залдарын да ашып, жаз уақытында жастардың спортпен шұғылдану үшін тиімді пайдалануды қарастырған жөн, — деді аймақ басшысы.

Бұдан кейін облыс әкімі Байзақ батыр көшесі бойындағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Тәуелсіздіңтің 30 жылдығына орай жүзеге асып жатқан «Таразға тарту» жобасы аясында Қазыбек би көшесіндегі №131 және 133-ші көпқабатты тұрғын үйлердің көше жақ бетіндегі скверді абаттандыру жұмысы жоспарланған. Ол аумақты  абаттандыруға Талас ауданы жауапты.  Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек құрылыс жұмыстарының басталғалы жатқанын айтып, жоба-жоспарымен бөлісті. Облыс әкімі скверді жасағаннан кейін оның қасындағы көпқабатты тұрғын үйлердің көше жақ қас бетін де әрлеу керектігіне көңіл бөлді. Ал, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі алдындағы аллеяға қатысты да ұсыныс айтылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы саябақтағы жасанды көл мен амфитеатрды қалыпқа келтіру жұмыстарын Қордай мен Шу аудандары өз мойындарына алған. Сол секілді, Б.Момышұлы көшесі бойындағы жол жөндеу және Б.Момышұлы тұйығындағы жаңа сквердің құрылыс жұмысымен танысты. Сквердегі құрылыс жұмысын «Наркен» ЖШС жүргізуде. Серіктестік директоры Даурен Наржановтың айтуынша, мұндағы 300 метр аумақ абаттандырылмақ. Сондай-ақ, данқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевқа арнап ескерткіш-тақта орнату бойынша ұсыныстар қаралып жатқанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев бұл көшеге Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беру туралы бастама көтерді. Өйткені Батыр есімімен аталанын үлкен даңғылдағы екінші рет қайталанып тұрған көше тұйығының өзі де соған сұранып тұрғандай. Қала басшылығыған ұзындығы екі шақырымнан асатын көшеге Еңбек Ерінің есімін беру мәселесін зерделеу тапсырылды.

Сондай-ақ облыс әкімі дренажды каналының, Айша бибі көшесінің және Үшбұлақ каналының абаттандыру жұмысымен танысып, оған жауапты облыс әкімдігінің басқармаларына құрылыс жұмысын жедел бастауды жүктеді.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Шөлдала шағын ауданында бір күн бұрын ашылған әлеуметтік дүкеніне де арнайы ат басын бұрды. Кәсіпкер Патос Талиповтың айтуынша, мұндағы баға базар бағасынан әлдеқайда төмен.

Кәсіпкер Патос Талиповтың айтуынша, мұндағы баға базар бағасынан әлде қайда төмен. Атап айтсақ, сүт өнімдері нарық бағасынан 40 теңгеге төмен өткерілуде. Бір күнде мұнда бір мың тұрғын сауда жасап үлгеріпті.

— Мұндағы баға өзге дүкендер мен сауда орталықтардағы бағаға қарағанда 15-20 пайыз төмен. Бізді осы дүкеннің арзандатылған азық-түлік бағасы  қуантып отыр. Ең бастысы қала сыртындағы шалғай шағын аудан халықына осындай әлеуметтік дүкеннің ашылғаны жақсы болып қалды, — дейді шағын аудан тұрғыны Бақыт Омарова.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты