Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, сондай-ақ бастықтың бұйрығына сәйкес өңір құтқарушыларымен шомылу маусымы кезінде тұрақты негізде шомылуға және көпшілік демалуы үшін тыйым салынған орындар бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 26 мамырда Жамбыл облысының ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп Талас өзенінің жағалау сызығын бойлай айналып өтіп, адамдардың шомылуы мен демалуы үшін қауіпті орындарды анықтады. Аталған жерлердегі тұрғындармен судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, шақыру нысандары және жалған ақпарат үшін жауапкершілік түсіндірілді, жадынамалар таратылды.
Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша халықты ескерту үшін жергілікті атқарушы органдарға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге тыйым салатын белгілер, билбордтар мен стендтер орнату жөнінде ұсынымдар берілді.
Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері лейтенант Аббас Сулиев