• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысы әкімі мәдениет қызметкерлерін қабылдады

26.05.2021
0
Жамбыл облысы әкімі мәдениет қызметкерлерін қабылдады
245
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерімен кездесіп, өткен кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аймақ басшысы белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, сондай-ақ Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етті.

Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басышсы өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтындығын баса айтты.

— Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын еліміз үшін рухани тірек ол – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Сіздер елдігіміздің басты нышаны – өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Төл әдебиетпен, мәдениетпен тәрбиеленген адам қашанда рухы биік, туған жерін, халқын сүйетін болады. Алдымен сіздерге елеулі еңбектеріңіз бен қазіргі кездегі белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Халқымыз қашанда өз мәдениеті мен өнеріне, әдебиетіне ерекше құрметпен қараған, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі өңірдегі мәдени-тарихи бағытта және туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Өз кезегінде сала ардагерлері мен қызметкерлері де орамды ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Басқосуда сазгер, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің музыкалық жетекшісі Сәрсенбек Бәкір, ақын, Байзақ аудандық әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінің әдіскері Қасқырбаев Нарбатыр, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері Ерсін Қалыбаева, Мәмбет Қожалиев, Жамбыл облыстық орыс драма театрының артисі Елена Козаченко, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Торғын Орыбаева, Балнұр Солтанбековаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісілері табысталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері мен өнер майталмандары «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский