• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдық оқушылар 1000-нан аса медаль иеленген

26.05.2021
0
Жамбылдық оқушылар 1000-нан аса медаль иеленген
175
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы «Мамыр» тоғайында  облыстағы дарынды оқушылармен кездесті. Ашық аспан астында еркін форматта өткен жылы жүздесуге халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған 98 оқушы қатысты.

Жалпы 2020-2021 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 153 оқушының 98-і (107 орын) жеңімпаз атанып, алтын, күміс, қола медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның 22-сі алтын, 33-і күміс, 52-і қола медаль иегерлері.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында түрлі интеллектуалдық ойындар мен пәндік олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысқан жамбылдық оқушылардың 16842-сі жеңімпаз атанған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында ауыл мектептерінде оқитын  оқушыларды қолдауға бағытталған «Мың бала» олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстағы 91 оқушы жүлдегер атанды. Оның ішінде 5-сыныпта оқитын 33 оқушы Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болса, 6-сыныптағы 58 оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды.

Бұдан бөлек «Айқанат» олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанған 22 оқушы Бурабай қаласында жаңадан ашылған «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде оқуға мүмкіндік алды.

Жас буын ұрпақты жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі «Елбасы медалі» бағдарламасына облыс бойынша 400 ден астам оқушы қатысып, 128 оқушы қола медальмен марапатталды. Олар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды.

Сонымен қатар, оқу жылында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда жамбылдық дарынды оқушылар 1032 жүлделі орынды иеленді. Оның 216-і алтын, 369-і күміс, 447-і қола медаль иегерлері. Ал республикалық пәндік олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда 1440 жүлделі орындарды иеленсе, оның 357-сі алтын, 491-і күміс, 592-сі қола медаль.

Ерекше атап өтетін жайт, облыс оқушыларынан құралған команда республикалық пән олимпиадасының және ғылыми жобалар жарысынан 12 жыл қатарынан командалық І-ші орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атанып келеді.

Бұдан бөлек өңірдің 8 мектебі «100 үздік мектептің» қатарына енсе, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» атағын иеленді.

Аймақ басшысымен кездесу барысында оқушылар қол жеткізген  жетістіктері мен алдағы жоспар туралы сөз қозғады. Жастардың бастамасына қолдау көрсетіп отыратын облыс басшылығына алғыстарын жеткізді.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев мемлекет болашағы – білімді де тәрбиелі жастардың қолында екенін баса айтып, оларды осы жолда талмай ізденуге, алдағы уақытта еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. «Болашақ» мемлекетттік бағдарламасының мүмкіндіктерін барынша пайдалану керектігін де тілге тиек етті. Сондай-ақ,  облыс әкімі жас өрендердің риясыз көңілмен қойған сұрақтарына ашық жауап беріп, талантты да білімді жастарға үлкен сенім артатындығын жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімі дарынды жастарға Алғыс хат, 100 мың теңгенің сертификатын және жеңімпаз оқушыларды дайындаған 20 мұғалімге Құрмет грамотасын тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты