• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Түрік инвесторлары Жамбыл облысында бау-бақша салып, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге ниетті

21.05.2021
0
Түрік инвесторлары Жамбыл облысында бау-бақша салып, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге ниетті
163
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Göknur Gıda» корпорациясының өкілдерімен кездесті. Түрік инвесторлары өңірімізде интенсивті бақтар салып, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу бойынша ірі жобаны іске асыруға ниетті.

Бердібек Сапарбаев алдымен Қазақстанның, нақтырақ айтқанда, Жамбыл облысының түрік бизнес-құрылымдарының өкілдерімен өзара байланысы туралы қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, Түркия мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас сауда, ауыл шаруашылығы, инвестиция, мәдениет, туризм, медицина, білім салалары бойынша жақсы дамып келе жатқанына назар аударылды.

— Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Қазақстан Түркиямен бірлесіп, экономикалық, саяси, гуманитарлық байланыстарды өзара нығайтуға ықпал еткен көптеген серпінді жобаларды табысты жүзеге асыра алды. Бүгінде екі ел арасындағы достық және бауырластық қатынас өте жоғары деңгейде орныққан. Түркия –Қазақстанның ең жақын және сенімді серіктестерінің бірі болып табылады, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Göknur Gıda корпорациясының атқарушы директоры Осман Асланали Бердібек Сапарбаевқа жылы ықыласы үшін алғыс айтып, Жамбыл облысында перспективалық жобаларды іске асыру жоспарларымен бөлісті.

Осман Асланали жеміс өндіру және қайта өңдеу жобасы аясында бес мың гектардан астам жерге жеміс ағаштарын отырғызуды және қайта өңдеу зауытын салуды көздеп отырғандықтарын жеткізді. Жобаны бес жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда. Инвесторлар біздің облыста өндірілген өнімді ішкі нарыққа және шетелге сатуды жоспарлап отыр. Жоба құны 92 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның аясында 1000 жұмыс орнын құру жоспарлануда десек, оған негізінен жергілікті тұрғындар тартылмақ.

— Біздің компания жемістер мен көкөністерді өндіруге және өңдеуге бағытталған. Ол үшін біз шикізат базасын дамыту және жергілікті шаруаларды үйрету үшін заманауи агротехнологияларды пайдалана отырып, бау-бақша отырғызудан бастап интеграцияланған модель жасағымыз келеді.

Инвесторларға жоғары өнімді жеміс бақтарын өсіруге болатын жерлер ұсынылды. Атап айтсақ, Жамбыл ауданында 2,5 мың га, Т.Рысқұловта 470 га, Жуалыда бес мың га және Сарысу аудандарында 1200 га аумақтар назарға алынды. Шетелдік агрономдар топырақтың құнарлығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

— Азық-түлік өндірісі – біздің басым бағытымыз. Нарығымызда Пәкістанның, Ауғанстанның, Түркияның өнімдері басым, яғни жергілікті көкөністер мен жемістер аз. Бұл жағдай олардың бағасына әсер етуде. Бізге интенсивті бақтардың аумағын кеңейту керек. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге инвестициялық субсидиялар, жеңілдетілген несиелер секілді мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Жамбыл облысының аграрлық әлеуеті жоғары. Облыстың ауыл шаруашылығы заманауи технологиялардың мүмкіншілігіне сүйене отырып, жетістікке жетуге ниетті. Өңірдің басты мәселелерінің бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының кеңжелеп қалғандығы. Ауыл шаруашылығын жергілікті экономиканың драйверіне айналдыру үшін біз жер бөлуге және инфрақұрылым жүргізуге қол ұшын береміз,  — деді Бердібек Сапарбаев.

Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы жауапты басқармаларға уақыт созбай, түрік инвесторлары ұсынған жобаны іске асыру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік,  жалпы Жамбыл облысында алма бағының аумағы 1623 га құрайды десек, оның 1445 га интенсивті бақтар. Ал, осындай шие бақтары 100 гектар жерді алып жатыр.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты