Ағымдағы жылдың 11 мамырында сағат 13.35-те полицияға облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны хабарласып, № 29 маршруттық автобуста белгісіз тұлға сөмкесінен құны 103 мың теңге тұратын Самсунг маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Криминалдық полиция қызметкерлері қабылдаған іздестіру шаралары нәтижесінде Байзақ ауданының 29 жастағы тұрғыны ізін суытпай анықталып, ұсталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдеме тәркіленді.