Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
ЖІШ нәтижесінде Тараз қаласында 48 және 52 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан жалпы салмағы 2 грамнан асатын героин есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары басталды.
Сурет көрнекілік үшін интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/9J7TxdBBMqprPV4S7