• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ҚҰРЫЛҒАН ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

turan_admin turan_admin
18.05.2021, 10:17
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ҚҰРЫЛҒАН ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
292
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңеске сайлау қорытындысы жасалды. Оның құрамына қала және облыстың бизнесмендері кірді, олар 4 жыл бойы жергілікті бизнес-қоғамдастықтың мүддесіне өкілдік етеді. Жаңа құрамдағы Өңірлік кеңестің алғашқы отырысы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен өтті.

Жамбыл облысы бойынша Өңірлік кеңес мүшелігіне квота 28 адамды құрайды. Барлығы 91 адам кандидат болды. Белсенді кәсіпкерлер, өңірде бизнес ортаның дамуына сүбелі үлес қосқан қауымдастықтардың жетекшілері үміткерлер ретінде тіркелді. Дауыс беруге облыстан 10 464 кәсіпкер қатысты.

«Біз Жамбыл облысы бизнесінің дауыс беруге қатысқан барлық өкіліне алғыс айтамыз. Бүгінге дейін Жамбыл облысы бизнес-қоғамдастығының мүддесін қорғап келген Өңірлік кеңестің бірінші құрамының мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Әр қайсысы ­Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы бизнестің өзекті және түйткілді мәселелерін шешуге белсенді қатысады деген сенімдеміз», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов.

Спикер, сонымен қатар карантиндік шектеулер жағдайында кандидаттардың құжаттарын қабылдап, тіркеу жұмыстарын жүргізген іріктеу комиссиясының жұмысына жоғары баға берді.

Еске салсақ, Жамбыл облысында Өңірлік кеңеске сайлау кампаниясы алғаш рет жүргізілді. 18 наурыз бен 2 сәуір аралығында кандидаттардың құжаттарын қабылдау және тіркеу жүргізілді, 6-10 сәуір аралығында үгіт-насихат кампаниясы өтті. Негізгі кезең – дауыс беру – 12-16 сәуір аралығында өтті.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Нұралы Ергебаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі қызметтері мен міндеттерін белгілеп, ерекше басымдық берілетін бағаттырды атап өтті.

«Біздің қызметіміз өңір кәсіпкерлеріне пркатикалық көмек көрсетуге негізделген. Осы шаралар арасында негізгілерін атап өтуге болады. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүддесін қорғау; шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнатуға жәрдемдесу; өңірде кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасау; бизнесті сервистік қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, бұл өз кезегінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті қамту үлесінің ұлғаюына ықпал етеді; жастарды кәсіпкерлікке тарту және жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнесті қолдау; ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ жалпы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін жағдайлар жасау», – деді Нұралы Ергебаев. 

Сайлау науқанында анағұрлым көп дауыс жинаған 28 үміткердің тізімін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады.

№ Өңірлік кеңес мүшесінің аты-жөні Ұйым атауы, лауазымы Аудан/қала
1 Айдаров Латиф Амзеұлы   «Бизнесті индустриялауға жәрдемдесу палатасы қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Тараз
2 Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы «Жамбыл облысы рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы» ЖК және ЗТБ төрағасы Тараз
3 Ақылбеков Әлібек Ғалымбекұлы  «БешКо» шаруа қожалығының басшысы Мерке
4 Ақылбеков Самат Бауыржанұлы  «SAB group» ЖШС директоры Жамбыл
5 Ан Антонина Анатольевна  «Триана-Тараз» ЖШС директоры Тараз
6 Бегалиев Керімқұл Мамырұлы  «Злиха» шаруа қожалығының басшысы Жуалы
7 Бегманов Жамбыл Аблекұлы  «Таң» ЖШС директоры Жамбыл
8 Бидайшиев Бақытжан Жолшыбекұлы  «Бидайшы» шаруа қожалығының басшысы Т. Рысқұлов
9 Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлы  «Altais Group» ЖШС бас директоры Тараз
10 Жүнісова Фарида Амансариқызы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Байзақ
11 Ертаева Жанат Акебайқызы  «Білім» Кәсіптік гуманитарлық-техникалық колледжі ЖШС директоры Тараз
12 Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы  «Казфосфат» ЖШС бас директоры Тараз
13 Қаймолдаева Қарлығаш Әмірханқызы  «Амир и Д» ЖШС директоры Тараз
14 Қалқабаев Нариман Өркенұлы «Ақ-бидай -2» шаруа қожалығының басшысы Мерке
15 Қалмұратов Абылай Ержанұлы  «STAR1» ЖШС директоры Тараз
16 Қасымбеков Жақсыбек Нұрланұлы «Агропродхлебснаб» ЖШС директоры Жуалы
17 Қонқашева Гүлмира Қадырқызы  «Та-мак» ЖШС директоры Тараз
18 Мичурин Константин Юрьевич  «Ремком» ЖШС директоры Тараз
19 Мухиев Есей Қадымұлы  Мухиев Е.К. ЖК жетекшісі Тараз
20 Пірманов Рашид Сантөреұлы «АулиеатаТрансПасс» ЖШС директоры Тараз
21 Рымтаев Досан Тасболатұлы «ТаразАвтоТрансСервис» ЖШС директоры Тараз
22 Рысымбетов Пернебай Рысбайұлы «Нұра Трансс Сервис» ЖШС директоры Мойынқұм
23 Сәрсембаев Талғат Ахметбекұлы   «Қордай-Корм» ӘКК төрағасы Қордай
24 Саурықов Ерболат Байұзақұлы   «Тараз халықаралық инновациялық институты» мекемесі ректоры Тараз
25 Тоқтыбаева Бақыткүл Егембердіқызы «Дана-Дель» ЖК жетекшісі Тараз
26 Төлтаев Алмаз Болатұлы «Comfort Distribution» ЖШС құрылтайшысы Тараз
27 Тұралиева Әсел Сабитқызы «А.И.Абай» ЖШС директоры Т. Рысқұлов
28 Хашимова Румия Рахматулаевна  «GOOD LOOK» сауда үйі ЖШС директоры Тараз

Жиын барысында өңірлік кеңестің мүшелері өңірде кәсіпкерлікті дамытуды ілгерілету және алдағы жұмыстн күтілетін нәтижеге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кездесуге қатысушылардың ортақ шешімімен «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров Өңірлік Кеңес төрағасы болып сайланды.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.