• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді

17.05.2021
0
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
162
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 2021 жылдың төрт айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары туралы айтты. Жамбылдық полицейлердің күшімен облыста жалпы жедел жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алдағы кезеңге полиция қызметіне құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске қатысты екі негізгі бағыт бойынша 8 міндетті белгіледі.

Ж.Сүлейменовтің хабарлауынша қабылданған шаралар қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен. Облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар саны азайып, олардың ашылу көрсеткіші артқан. Есепті кезеңде
адам өлтіру дерегі 19,4%-ға, ауыр дене жарақаттары – 59%-ға төмендеді, ал олардың ашылуы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғарылады.

Ұрлық деректері тұрғындардың көпшілігінің жеке мүдделеріне әсерін тигізетінін ескере отырып, басты міндеттердің бірі ұрлықтың алдын алу және ашу болып қала береді. Бұл ретте бөтеннің мүлкін ұрлау 20,5%-ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 28,4%-ға, автомобиль ұрлығы 90%-ға, мал ұрлығы 34,2%-ға, ал бұзақылық 33,7%-ға төмендеді, сонымен қатар аталған санаттағы барлық қылмыстардың ашылу көрсеткішінің жоғарылауына қол жеткізілді.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда, көшелерде, кәмелетке толмағандармен және адамдар тобымен жасалған қылмыстардың саны азайды. Полиция генерал-майоры кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қадағалаусыз және қорғансыз қалу деректерін анықтау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін тапсырды. Қазіргі уақытта облыс орталығында және аудандарда қоғам мен басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

ПД бастығы, сонымен қатар, қазір ұялы телефонды ұрлау қылмыстың ең көп таралған түрі екенін атап өтті. Көбінесе, жасөспірімдер ұрылардың құрбаны болып жатады. Ол ата-аналарды балаларына қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз заттарына мұқият қарауға жауапкершіліктерін арттыруды үйретуге шақырамын.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі жағдайына аса назар аударуға тапсырма берді. Тараз қаласының көше-жол желілеріндегі, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы апаттылықты төмендету үшін
полиция жасақтарының тығыздығы артты, полиция қызметкерлерінің жол қозғалысына қатысушылармен байланысын барынша азайта отырып, құқық бұзушылықтар мен жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркейтін заманауи техникалық құралдар қолданылуда.

Жанат Қуанышұлы тұрғындарға: — «Бүгінгі күні интернет-алаяқтардың қолынан зардап шеккен азаматтардан түскен өтініштер санының өсуі байқалады. Азаматтарды сақ болуға, тауарларды сатып алу үшін тексерілген сайттарды пайдалануға, хабарландыруларды мұқият зерделеуге және ақшамен немесе жеке деректермен күдікті әрекеттер жасамауға шақырамын»,- деп жазды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты