Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығы атап өтіледі. Соған орай «Атамекен» ҚР
ҰКП ұжымы 2021 жылғы 7 мамырда Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан
Қошқарбаевтың құрметіне Ботаникалық бақта алма бағын отырғызды.
«Ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен, сұрапыл соғыста
жеңіске жетіп, мұра еткен Атамекен жеріміз, Отанымыз және
Тәуелсіздігіміз бар. Міне, бүгін «Атамекен» ҰКП ұжымы Халық қаһарманы
Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне алма бағын отырғызды. Тарихқа құрмет
қылмай, келешегімізден үміт болмайды. Сондықтан ата-бабамыз жанын қиып
аманат еткен кең байтақ жерімізге жыл сайын ағаш отырғызып,
табиғатымызды қорғайық. Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс күні
құтты болсын», — деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай
Мырзахметов.