• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 16:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

turan_admin turan_admin
07.05.2021, 12:42
Облыс жаңалықтары
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
152
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аймақ басшысы, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен конференция жұмысына елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 67 делегат ZOOM платформасы арқылы қосылды. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі баяндалды. Баяндамада жергілікті жердегі саяси құрылымның алдағы жоспарларына тоқталып өткен облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов 2019-2020 жылдар аралығында партия облыстық филиалының кезектен тыс 4 конференциясы, 3 Саяси кеңес пен 15 Саяси кеңес Бюросы отырысы өткенін және Партиялық құрылым мүшелерімен қабылданған қаулылар толығымен орындалғанын жеткізді.

Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде, облыстық партия қатары 5103 адаммен толығып, 54 340 мүшені құраған. Жамбылдық «Нұротандықтардың» дені әлеуметтік, экономика және қызмет көрсету саласының өкілдері болып табылады.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan»-ның қатарына шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының өкілдерін тарту бағытында да жұмыстар қолға алынған.

Партияның саяси құрылымының пандемия жағдайында өрбіген жұмысы — әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жағдайын түзетуге бағытталды. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан 40 мыңға жуық отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуін ұйымдастырды. Қиын-қыстау сәтте өңір тұрғындарына «Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық, аудандық (Тараз қалалық) мәслихатының депутаттары да көмек қолын соза білді. Жамбылдық «Нұротандықтар» Арыс қаласы мен Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде де жұдырықтай жұмылып, аталған аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберуге атсалысты.

Сондай-ақ, жиында «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Айгүл Ақшалова, партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, «Жаңа Жамбыл» фосфор зауытының пеш бөлімінің ауысым басшысы Александр Пягай, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Мадияр Қарабаев жарыссөзге шықты. Олар еліміздің жетекші партиясының жүргізіп отырған саясаты қоғам өмірінің барлық саласына тың серпін бергенін айтып, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің есепті кезеңде атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған жиынды қорытындылай келе:

— Партия жұмысы оның сайлаушыларға берген уәделерінің үдесінен шығу қабілетімен өлшенеді. Бұл орайда өңірдегі партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының әрбір тармағына жауаптылар айқындалып, қаржылық ресурстар пысықталды. Ендігі кезекте партия тарапынан бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатаң бақылау жасалғаны жөн. Партия облыстық филиалдары жанындағы Саяси Бюро, фракция отырыстарында Жол картасының іске асырылу барысы туралы тиісті мекеме басшыларының, фракция жетекшілерінің есептерін тыңдау тәжірибесін енгізу қажет. Сонымен қатар, партия филиалдары жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің негізгі жұмыс бағыты да сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бақылауға бағытталады, — деді.

Сондай-ақ, партияның облыстық филиалының төрағасы жауаптыларды жергілікті филиалдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, партия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, «Jas Otan» Жастар Қанатының «Жас Ұлан», «Жас Қыран» сынды ұйымдармен байланысын нығайту мәселелеріне де назар аударуға шақырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Тегтер: КОНФЕРЕНЦИЯПАРТИЯТөрағафилиал
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.