Облыстық прокуратураның және Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мобильді топтар құрылды, олардың құрамына ювеналды полиция, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері кірді. Мұндай шешім М.ХДулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыс прокуроры төрағалық еткен жергілікті атқарушы органдардың және білім басқармасының қатысуымен өткен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес барысында қабылданды.
Мобильді топтардың тәулік бойғы жұмысы жасөспірімдер қылмысы мәселелеріне жедел ден қою бойынша ішкі істер органдарының басқа да мүдделі қызметтермен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған. Өткен демалыс күндері рейдтік іс-шаралар барысында аталған топтар әкімшілік құқық бұзушылықтың 26 дерегін анықтады.
Олардың ішінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаудың — 3 дерегі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуының -2 дерегі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтардың екі дерегі. ІІО-да 7 жасөспірім және 3 қолайсыз отбасы есепке қойылды, онда 6 бала тұрады. 1 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.
Көрсетілген отбасылармен кәмелетке толмағандар тарапынан қайталама құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған медициналық-әлеуметтік іс-шаралардың профилактикалық кешені жүргізіледі, сондай-ақ бос уақыттарын қызығушылықтары бойынша пайдалы етіп өткізуге тартылатын болады.