• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 67 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

27.04.2021
0
«ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 67 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН
203
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында «Жомарт Түлек» әлеуметтік жобасының алғашқы нәтижелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап белсенді жүзеге асуда. Ол екі мақсатқа негізделген. Біріншіден, жас ұрпақ арасында облыстың табысты түлектерінің өмір жолын үлгі етіп ұсыну және насихаттау десек, екіншіден, жергілікті мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін өздері туған өңірдің өміріне белсенді қатыстыра отырып, әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешуге жұмылдыру болып табылады.

Бердібек Сапарбаев облыстың әр түкпіріндегі білім беру нысандарын жұмыс сапарымен аралауы барысында мектептердің өз түлектерімен қаншалықты тиімді байланыс орнатып отырғанын, олардың қаншасы Tulek.kz сайтына тіркелгеніне аса назар аударады. Өңір басшысы түлектердің үлкен күшімен кез келген елді мекенде оң өзгерістер жасауға болатынын алға тартып келеді. Отансүйгіштік пен туған жерге деген махаббат тек сөзбен ғана емес, нақты істермен де көрініс табуы керек. Өйткені, әрбір адамның жетістіктерінде оның туған жерінен бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі мен білімінің үлесі өлшеусіз.

Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенованың айтуынша, бүгінге дейін Tulek.kz сайтында 106,1 мың түлек тіркеліп, 289 мотивациялық кездесу өткізілген. Олардың тарапынан 75,9 млн.теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген. Тараз қаласындағы №51 мектеп базасында шаһар түлектерінің орталығы құрылған. Жобаның аясындағы тиісті форумнан кейін түлектердің белсенділігі тіпті арта түсіпті. Мәселен, Тараз қаласында демеушілік қаражат есебінен Оқушылар сарайы, Өнер үйі, «Анаға тазым» орталығы және басқа да нысандар бой көтеруде.

Гүлнәр Ходжабергенова түлектер форумы барысында айтылған ұсыныстар бойынша жасалған арнайы талдауға тоқталды. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігімен бірлесіп әскери бағыттағы мектеп-интернат құру мәселесі пысықталуда десек, ал, қосымша музыкалық колледж ашу экономикалық тұрғыдан тиімді емес болып отыр. Өйткені нарықта осы саладағы мамандарға сұраныс төмендеуде. Талас ауданы Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы мектеп базасында мәдениет және спорт бағытындағы оқу орнының филиалын ашу жоспарлануда. Сол секілді Шу ауданының Белбасар ауылында спорт мектебін салу үшін жер бөлініп үлгерді. Облыстық түлектер қауымдастығын тіркеу үшін құжаттары әзірленуде.

Білім басқармасы жобаның жүзеге асу барысын бақылауына алған. Аудандардан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, биыл түлектердің қолдауымен 73 елді мекенде жалпы құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын 67 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде.

— Tulek.kz сайтында барлық түлектерді тіркеуді тездетіңіздер. Мектеп түлектерінің материалдық көмегінен бұрын, жобаның жастар мен оқушылар үшін тәрбиелік маңызы алдынғы шепте тұруы тиіс. Олардың табысты өмір жолы балаларға үлгі ретінде ұсынылып, егер талаптанса, кез-келген арман-мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсіндіру керекпіз. Сабақты жақсы оқып, ынталы және тәртіпті болуға, жаман әдеттерден бойды аулақ салуға шақыру қажет. Ал, түлектердің туған ауылының, мектебінің өміріне атсалысуы, оны көркейтуге үлес қосуы олардың патриоттығы мен жоғары азаматтық ұстанымын көрсетеді.

Барлық аудандарда түлектер орталықтарын құру қажет. Олардың жеке веб-сайттары болуы маңызды және жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуы керек. «Жомарт түлек» жобасын іске асыруға тек орта білім беру мекемелері ғана емес, колледждер мен университеттер де белсенді қатысқаны абзал, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты