• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӘДІЛХАН ӘШІРБАЕВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯНЫҢ АЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

26.04.2021
0
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӘДІЛХАН ӘШІРБАЕВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯНЫҢ АЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының отырысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы 2018-2020 жылдары өткен сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі
экономикаға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары қаралды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаевтың айтуынша, бірінші тоқсанда 24 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға аз. Шығын 65,1 миллион теңгені құрап, оның 58,7 миллион
теңгесі өндірілді. Ведомство өз қызметіндегі басты назарды алдын алу жұмыстарына аударуда.

Жалпы, 2015-2025 жылдарға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясындағы 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аяқталды. Десек те, кеткен кемшіліктер де жоқ емес. Айталық, Талас ауданындағы сервистік әкімдік нақты іс жүзінде жұмыс істемей келген. Халыққа қызмет көрсетуге арналған залдардың жай- күйі сын көтермейді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті
қалыптастыру бойынша ақпараттық топтардың жұмысы әлсіз, кейбір жерде ондай топтар мүлде құрылмаған. Олардың құрамындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділері санаулы ғана. Мемлекеттік сатып алу, жер телімдерін беру және әлеуметтік көмек көрсету салалары сыбайлас жемқорлыққа аса бейім бағыттарға жатады.

Әділхан Әшірбаев лауазымды тұлғалардың атқарылған жұмыс актілеріне қол қоюына ішкі аудит қызметінің бақылауын күшейтуді, жер комиссияларының отырыстарын аудио және бейнежазбалар арқылы өткізуді, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен беру процесін автоматтандыруды ұсынды. Аймақ басшысы Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа бірден бес қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын жеке назарға алуды тапсырды. Бұл Т.Рысқұлов және Талас аудандарының әкімдері Ерболат Садырқұлов пен Бақыт Қазанбасовқа да қатысты.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановқа шаруалардың мемлекеттік субсидияларды жыл сайын бір шаруа қожалықтар алады деген шағымдарын жіті қарау жүктелді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке емханалар мен ауруханалардағы жағдайды түзету, емдеуге жатқызу бюросының жұмысын жақсарту тапсырылды. Transparency International халықаралық ұйымының қорытындысына сәйкес, облыстың денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғарылағаны байқалған.

Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайлар туралы баяндады.

Облыстық мәслихат депутаты, ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің төмендеуінің басты себебі – сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті. Оның пікірінше, барлық басқармалар мен департаменттерде алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Айталық, ТИГУ-нің студенттер үйінде парасаттылық дүкені ашылып, студенттер арасында оның танымалдылығы арта түсіпті. Жастар сенім, адалдық және парасаттылық сияқты адами құндылықтарді бойға сіңіруде.

Сонымен қатар, халық қалаулысы құқық бұзушылық жасаған шенеуніктерді қызметінен босатуды, ал мониторингтік топтардың құрамына депутаттарды қосуды ұсынды. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Жұбандықова: “Жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойыша Департамент тарапынан бюджет қаражатының тиімсыз пайдалануына жол бермеу мақсатында,
мемлекеттік грантта оқып жатқан студенттерді мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту қажеттілігі бойынша ұсыныстар берілген, алайда ағымдағы жылы жүргізілген мониторинг жағдайдың мүлдем өзгермегендігін көрсетті.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер: мемлекеттік грантта оқыған студенттер өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаса; Daryn Online» платформасы ыңғайсыз орнына «Whatsapp» желісінің ыңғайлы екендігін және кейбір елді мекенде интернет жылдамдығы нашар екендігін ескере отырып; Мемлекеттік грантқа және «Daryn Online» платформасын енгізуге бөлінген бюджет қаражатының
қаншалықты негізді және тиімді жұмсалуда деген сұрақ туындайды”.

— Адамдар өздерін қауіпсіз сезінулері керек. Билік органдарының басты міндеттерінің бірі – қылмыс деңгейінің өсуіне жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерімен күресу. Азаматтық сектор өкілдерін түрлі комиссиялар мен мобильді топтарға көбірек тарту қажет. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдалатын үміткерлер қатаң іріктеуден өтуі маңызды. Ең алдымен моральдық-этикалық өлшемдерге сәйкес болуы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты