Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс– шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның сөмкесінен салмағы 1,08 гр героинесірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы
қарастырылады-деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Дінмұхамбет Қойториев.