Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы жарақаттанудың алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда облыстың Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізушілермен және жолаушылармен күнделікті профилактикалық әңгімелер жүргізуде.
Жыл басынан бері республикалық маңызы бар автожолдарда үгіт-насихат жұмыстары аясында полицейлер 20 мыңнан астам парақшалар, жадынамалар, бүктемелер мен брошюралар таратты («Автобус жүргізушілері мен жолаушыларына кеңестер», «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Жылдамдықты асырма!», «Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда», «Жолдарда қырағы болыңыздар», «ЖКО-ның алдын алу», «Көлік құралын басқару барысында ұйықтап кету», «Өз көлігіңізді және тасымалданатын жүгіңізді сақтаңыздар» және т. б.).
Күн сайын патрульдік полиция жасақтары апат ошақтарына және Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге бағытталған іс-шараларға қатысуда. Тәуліктің түнгі мезгілінде патрульдік жасақтар маяктары қосылған көліктерімен жолдың қауіпті учаскелерінде қызметтерін атқарады.
Аталған іс-шаралар кешенінің нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 3,8% — ға, зардап шеккендердің саны 8,5% — ға азайды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолға шығар алдында көлік құралдарындағы ақауларды мұқият тексеру және жою, қырағы болу және Жол қозғалысы ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді.