Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде полицияға түнде белгісіз тұлғаның есікті бұзып, үйге кіріп, 1 млн.теңгеден астам ақшасын және ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткені туралы облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны хабарласқан.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тергеу барысында жәбірленуші ұрлықтың бүкіл отбасы ұйықтап жатқан кезде болғанын түсіндірді. Түнгі сағат 00:10-дар шамасында отағасы үйде күдікті қадамдарды естіп, соған қарай барады, алайда қашып бара жатқан ер адамның үстінен түседі.
Қоңырау түсе салысымен, лезде ден қойған таяуда жүрген патрульдік полиция қашып бара жатқан адамды көреді. Тәртіп сақшылары ізін суытпай облыс орталығының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.