Ағымдағы жылдың 26 наурызында Тараз қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің «102» тетігіне облыс орталығының тұрғынынан дүкен кассасынан 150 000 теңге сомасында ақша ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынын ұстады, ол жасаған әрекетін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталған ер адам тағы үш ұялы телефон ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.