Ағымдағы жылдың 30 наурызында полицияға облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны жүгінген. Автобус маршрутында оның құны 80 000 теңге тұратын Самсунг J6 маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға ұрлап
кеткен.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері Тараз қаласының шағын аудандарының бірінің 28 жастағы тұрғынды ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.