• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мемлекеттік рәміз: Жамбыл облысы, Бесжылдық ауылында ту-тұғыр орнатылды

23.03.2021
0
Мемлекеттік рәміз: Жамбыл облысы, Бесжылдық ауылында ту-тұғыр орнатылды
863
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Бесжылдық ауылына кіре берісте аллея ашылды. Оның басты композициясы ретінде биіктігі 24 метрлік ту-тұғыр орнатылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы тігілді. Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Бұл композицияның осы жерде орнатылуы кездейсоқтық емес, өйткені мемлекеттік рәміздің авторы Шәкен Ниязбеков Бесжылдық ауылының тумасы. Оның жұмыстарын «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «MadG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Аумағы – 0,14 гектарды құрайды. Жоба авторы – Жомарт Қонысбаев.

— Әр мемлекеттің өз рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны болады. Бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі  мен біртұтастығын айшықтайтын маңызды нышандарының бірі. Қазақстандағы мектептерде, университеттерде және колледждерде патриоттық сезімді және мемлекеттік нышандарға деген құрметті қалыптастыратын сабақтар өтеді. Мемлекеттік рәміздерді әрбір азамат білуі және құрметтеуге міндетті. Олар ата-бабалардың тарихы мен ерлік істерін, жеріміздің жомарттығы мен байтақтығын айшықтайды.

Біз мемлекеттік тудың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбековтың жерлесіміз екендігін мәртебе білеміз. Дарынды суретшіні есімі тек жерлестерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың жүрегінде сақтаулы, — деді облыс әкімі.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы Сайлаубек Шалқаров Мемлекеттік Туда бейнеленген элементтердің қасиетті мағынасын ашқан Шәкен Ниязбеков туралы тағылымды естелік-ойларын ортаға салды.  Ту ортасында халықтың еркіндігін, оның бейбітсүйгіштігін, жердің жомарттығы мен байлығын, халықтың жерді қорғауға дайындығын көрсететін мемлекеттің ең маңызды екі символы бейнеленген. Автор бұл мағыналарды сәуле-дәндермен қоршалған алтын күн және еркін қалықтаған дала бүркіті бейнесінде бейнелеген. Бүркіттің алға қарай – болашаққа бағыт алып тұрғанын байқауға болады.

Салтанатты рәсімнен кейін Бердібек Сапарбаев жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, бірге естелік суретке түсті.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты