• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту кешені ашылды

23.03.2021
0
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту кешені ашылды
517
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Болашаққа – нық сеніммен!». Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Тараз қаласының Мамыр тоғайында ашылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту-сауықтыру орталығы өз келушілерін осындай жігерлі ұранмен қарсы алады.

Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер болашаққа деген сенімдерін нықтап, алдыға қойған мақсаттарына жетуге талпынатын болады десек, оған мемлекет пен жанашыр жандар барынша жағдай жасауда. Бүгінде Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған мақсатты саясат тиісінше жүзеге асып келеді. Аймақ басшысының бастамасымен бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар қолға алынған.

Осы орайда айта кету керек, өткен жылы мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшірілген болатын. Ол үшін облыстық бюджеттен 170 миллион теңге қаралып, қосымша бөлінген 12 миллион теңгеге жиһаз және қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде ондағы тәрбиеленушілер саны 40-тан 68-ге артты.

Сондай-ақ, былтыр «Асар» оңалту-сауықтыру кешенінің құрылысы да басталған еді. Сол секілді 2020 жылдың тамыз айында «Атлетик» спорт кешенінің базасында оңалту орталығы іске қосылды. Қазір мұнда коронавируспен ауырған науқастар денсаулықтарын қалпына келтіруде. Дегенмен алдағы уақытта орталық кеңейтіліп, мүгедектігі бар адамдарды оңалтумен де айналысатын болады.

Бердібек Сапарбаев аймақ басшылығының алдында облыстың әр аудан орталығы мен қалаларында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған оңалту орталықтарын ашу міндеті тұрғанын атап өтті. Мұндай мекеме биыл Талас ауданының Қаратау қаласында да ашылмақ. Сондай-ақ, облыс әкімдігі иппотерапияны дамыту ісін де жоспарлауда.

Өңір басшылығы жұмысының жеделдігін ескерсек, айтылған сөздердің іске асуына аса көп уақыт кетпейтіні өзінен-өзі айқындала түседі. Оның дәлелі ретінде бүгін ашылған «Асар» кешенін келтіруге болады. Қазіргі таңда бұл кешеннің аумағынан иппотерапия орталығының құрылысы басталуда.

Айта кету керек, кешен құрылысына 57 миллион теңге жұмсалса оған «Айқын МСБ» ЖШС демеушілік ете білді. Бюджет қаржысы шығындалған жоқ.

Жергілікті билік тарапынан 0,9 га жер бөлінген, ондағы нысандардың жалпы ауданы 900 шаршы метрден асады. Кешеннің негізгі міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне, оның қажетті бір бөлшегі екендігін сезіндіруге, оларды кәсіпке баулып, өздерінің физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес табыс табуға ықпал ету. Орталықта бір мезетте 60 адамға дейін оқып, жұмыс істей алады.

Кешен екі корпустан – негізгі және бизнес-инкубатордан, яғни шеберханалардан тұрады. Біріншісінде 30 бөлме болса, бизнес-инкубаторда тағы сегіз бөлме бар. Мүгедектігі бар адамдар үшін жеті тігін, үш токарлық, фрезерлік және лазерлік станоктар, усақтағыш қондырғылар орнатылған. Орталықта өз бетінше қозғалып немесе отырып жұмыспен айналыса алатын келушілер жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашу үшін жаңа кәсіптерді игеретін болады.

Барлық бөлмелер қажетті жиһаздармен жабдықталған, спортпен шұғылдануға ниеттілер үшін велотренажер, теннис үстелі және жүгіру жолақтары да қамтылған.

— Осыдан бір жыл бұрын біз келесі жылы жаңа кешен салынады деп уәде берген едік. Уәде орындалды. Енді кешенді кеңейтіп, монша, бассейн, иппотерапия орталығын салу қажет. Сіздер үлкен  күш-жігерге иесісіздер, кездескен қиындықтарды жеңуде және мақсатқа жету жолында көпке үлгісіздер. Демеушілер мен құрылысшыларға да сапалы жұмыстары үшін алғысымды айтамын. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! — деді Бердібек Сапарбаев.

«Асар» ЗТБ төрағасы Руслан Төлегенов көмек қолын созған барша адамдарға шын жүректен ризашылығын жеткізді.

— Бүгін біз үшін үлкен мереке. Орталықтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылуы оның мәнін тіпті арттыра түскендей. Әлеуметтік салада мемлекеттік қолдаудың жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Соңғы жылдардағы қиын жағдайларға, әлемдік экономикалық дағдарысқа және коронавирустық пандемияға қарамастан, бірде-бір әлеуметтік пакеттің қысқаруына жол берілген жоқ. Керісінше, қолдау шаралары артты. Бердібек Машбекұлы әлеуметтік мәселелерді шешудің барлық жолдарын таба алады, және түсінеді. Жамбыл облысын басқарып отырғаны біз үшін үлкен мәртебе. Біздің барлық бастамаларымыз облыс әкімінен қолдау табуда. Бүгінде билік, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар бір отбасы секілді бірлесіп әрекет етуде, — деді Руслан Төлегенов өз әсерімен бөлісіп.

Бұдан соң «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әйгерім Дәулетбаева облыс әкімін жаңа ғимараттармен таныстырды. Ал, Сивара Нурматова инватакси диспетчерлік қызметі кеңсесінде өткен жылдың өзінде 17 мыңнан астам көліктік қызмет көрсетілгенін жеткізді. Бердібек Сапарбаев жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековке тағы екі инватакси көлігін сатып алуға қаражат қарастыруды тапсырды. «Бұл балаларға да, ересектер үшін де үлкен көмек болады», — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, мұнда балаларды жалпы білім беретін мектепте оқытуға дайындайды. Психологиялық қызмет, күндізгі стационар палаталары, массаж, дәрігерлік қабылдау және ем-дом, электрофорез кабинеттері жұмыс жасайды.

Бизнес-инкубаторда ересектер ағаш ою, тігін, токарлық жұмыстармен айналыса алады. Облыс әкімі жақын маңда орналасқан футбол алаңын да «Асарға» беруді жүктеді. Сондай-ақ, іргедегі 2,6 мың шаршы метр жерге иппотерапия орталығының құрылысы басталуда. Құрылыс орнында Бердібек Сапарбаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевпен бірге болашақ ұрпаққа арналған капсуланы салып, кешен аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты