• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

АҚКЕСЕНЕ БЕКІНІСІ ТУРАЛЫ

19.03.2021
0
АҚКЕСЕНЕ БЕКІНІСІ ТУРАЛЫ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ақкесене бекінісі Талас ауданы, Бидалы ауылынан 14 шақырым солтүстікте, Үшарал ауылынан 27 шақырым солтүстіктегі құмды жазықтықта, Қалмақарық деп аталатын ескі арнаның оң жағасында орналасқан. Бекініс Х-ХVІІ ғғ. жататын археологиялық ескерткіш. 2010 жылы Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Ескерткішті 1896 жылы В.А. Каллаур тізімге алып, 1945, 1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы, 1980 жылы «Қазжобалауқайтажаңғырту» институты, 1983 жылы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық тобы (жетекшісі М.Елеуов) зерттеулер жүргізген. Бекіністі 2006-2007 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша РМК Қазқайтажаңғырту институтының Тараз филиалы ескерткішті қайта қалпына келтірді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бекініс табиғи жерге іргетассыз тұрғызылғандығы анықталды. Құрылысы шаршы тәрізді, бұрыштары әлемнің төрт тарабына бағытталған, бұрыштарында мұнаралары бар. Ескерткіштің жалпы көлемі 22х21 м. 

Ақкесене деп аталып кеткен шығыс бұрышындағы саз кірпіштен тұрғызылған дөңгелек, жоғары қарай бірте-бірте жіңішкеріп көтерілген (конус тәрізді) мұнарасы бар. Мұнараның түбіндегі диаметрі 11 м, биіктігі 14 м, ішінде жоғары қарай көтерілетін айналма баспалдақ сақталған. 

Үлкен мұрнараны қоршай орналасқан пахсадан салынған қамалды құрылысы бар. Бекініс шамамен Х-ХІV ғғ. салынған, мұнара ХVІІ ғ. дейін қолданыста болған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында қыш ыдыстардың (құм, құмыра) сынықтары кездескен. 

Ортағасырларда мұндай жазық жерде биік мұнара мен бекініс тұрғызудың негізгі себебі жаудан қорғану үшін салынатындығы тарихтан белгілі. Ақкесене мұнарасының да саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан алыстағы жолаушы немесе жауды көріп, хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіндігі болған. 

Ақкесене жайында халық арасында сақталған бірнеше аңыз-әңгімелер де кезедеседі. Бір аңызда Бетпақтан өтіп, ауыр жол азабын тартып келген керуенбасының: «Шөлді жазықта жолаушыларға бағдар болатын белгі керек» — деген өтініші бойынша Қарахан тараздық шеберге салдырған деседі. Келесі бір аңызда Кіші Орданың билеушісі Әбілхайыр Талас өлкесінде Көк кесененің түбінде қалмақтың Өз-Темір тайшысынан жеңіліп Сыр бойына шегінді. Ақ ханның нақсүйері үшін соғылған Көк кесененің қасынан Ұса мен Зеренг тайшылар Ақ кесенені соқтырып жайынын жайламақ ниет білдірген. 1465 жылы Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары, Шу мен Мойынқұмға келіп, мемлекет құрып, шекаралық аумағын кеңейту барысында батысқа қарай жылжыған кезде Ұса мен Зеренг Көк кесене мен Ақ кесенені тастап қашып кеткен делінеді. 

Әдебиеттер:

Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (6-13 ғ. басы). Бірінші бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 210.

Тегтер: ақкесене

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты