«Ауыл болып 15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай оларға құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз», — дейді Өрнек ауылдық округінің әкімі Азиз Мәнтеев.
— Өскелең ұрпаққа ел батырларының ерең ерлінін ұран ету, насихаттау біздің басты — міндетіміз. Бүгін сол зұлматта қаза тапқан оғландарымыздың зияратына барып, тағзым еттік. Жергілікті тұрғындардан жиналған қаржыдан арамыздан төбе көрсеткен оққағарларымызға әлеуметтік сыйқалталар әзірлеп тапсырдық.
Мектеп оқушылары да ықыласын өзінше өре білді. Ауылдық клубта тұрғындарға әсем әуен айтып, мың бұрала биледі, — дейді округ әкімі.
Осындайда ардагерлерін ауыл болып құрметтеген өрнектіктердің өрелі ісіне қайран қаласың.
Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы