• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумына қатысты

11.02.2021
0
Мемлекет басшысы Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумына қатысты
303
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумның отандық бизнес өкілдері мен «Самұрық-Қазына» қоры үшін маңызды басқосу екенін айтты.

Атап айтқанда, жалпы сомасы 67 миллиард теңгеге тікелей офф-тейк немесе алдын-ала жасалған келісім-шарттар мен стратегиялық келісімдерге қол қойылған. Президент қордың жұмысына оң баға берді.

– 15-тен астам бағыт бойынша өте жақсы және мазмұнды жоспарлар бар. Атап айтқанда, холдингтің сатып алуларын оңтайландыру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылған. Кәсіпорындарды, оның ішінде, тұралап қалған компанияларды қолдау бағдарламалары әзірленген, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның экономикалық салдарымен күрес кезінде мемлекеттік ірі корпорациялар мен бизнес өкілдері арасындағы серіктестікті қолдаудың маңызы арта түскенін атап өтті.

– Озық технология, өнімді нарыққа таратудың ұтымды саясаты және білікті мамандар – табысқа жетудің негізгі көзі. Оны іс жүзінде дәлелдеген компанияларымыз аз емес. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз әділ бәсекеге түсіп, ұзақмерзімді келісім-шарттарға қол жеткізе білді. Бұл – Қазақстанда өндірілген өнімнің сапасы жоғары деген сөз. Сондай-ақ бірқатар компания экспорт нарығын игеруде. Осы компаниялардың бірқатары өз тауарын экспортқа жөнелтіп жатыр. Бірақ ондай кәсіпорындардың саны көп емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан мемлекет пен мемлекеттік корпорациялар тарапынан ұдайы қолдау көрсетіле береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, отандық өндірісті дамытуда квазимемлекеттік секторға, әсіресе, «Самұрық-Қазына» қорына өте маңызды міндет жүктеліп отыр. Мемлекет қор арқылы бизнестің кез келген түріне қолдау көрсете алады. Президент өз сөзінде бірлескен инновациялық әзірлемелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, қорға қарасты ірі кәсіпорындардың айналасында құн тізбегін құруға, инфрақұрылыммен көмектесуге, адам капиталын дамытуға, экспорттық нарықтарды игеруге басымдық берді.

– Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өніммен қамтамасыз ету мәселесін көтердім. Сатып алу конкурстарында импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де кездеседі. Бұны мойындау керек. Мұндай жағдайлар жауапкершіліктен жұрдай кәсіпкерлер мен квазимемлекеттік сектордың осындай әрекетке көз жұмып қарайтын қызметкерлерінің кесірінен орын алып отыр. Бұл бизнестің басты қаупі, оның дамуына кедергі келтіреді. Біз қазірдің өзінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін тиісті әкімшілік жауапкершілікті енгіздік. Үкімет те, қор да бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Кәсіпкерлер мұндай мәселелердің тез әрі тиімді шешілуін күтеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек деп санайды. Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек. Бұл өз кезегінде  өнеркәсіп саясатын дұрыс құруға, қолдау механизмдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сатып алу процесінің барлық кезеңдерін ашық өткізу маңызды жұмыстың бірі.

– Жұрттың сатып алу жоспары мен шарттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмауы, құпия сөз байласып шешім қабылдау деген сияқты әрекеттің бәрі өткен күннің еншісінде қалуы тиіс. Бұл маңызды мәселеде оң өзгерістер басталғанын айта кеткім келеді. Аталған саланы цифрландыру «қисынсыз» шешімдерді тез анықтауға және сүзгіден өткізуге, артық бағалардың алдын алуға және сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Тендерлер мен конкурстық комиссиялардың шешімдері арасында келіспеушілік туындаған жағдайда ондай дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет. Осы және басқа да аспектілер «Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы» Заңда бекітілуі керек. Заң жобасы Парламентке жіберілді. Депутаттардан мұны осы сессияда мұқият қарап, қабылдауды сұраймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы мемлекет меншігінен шығару жолында нақты жұмыстар істеліп жатқанын атап өтті. Бұл отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тағы бір мүмкіндік. 2025 жылға дейінгі жекешелендірудің жоспарына 700-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын енеді.

Оның 112-сі «Самұрық-Қазынаның» құрылымына кіреді. Президент өз сөзінде мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидатын атады.

– Бірінші, жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуге тиіс. Өкінішке қарай, бізде инфрақұрылымның негізгі нысандарын тиімсіз жекешелендіру деректері бар. Мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін орынсыз жекешелендірулерге жол беруге болмайды. Мысалы, темір жолдар мен тұйықтар, өнім тасымалдайтын құбырлар. Бұл жөнінде Үкіметтің жуырда өткен отырысында айттым. Мұндай олқылықтарға енді жол бермеу керек. Бұған Үкімет пен қор жауапты.

Екінші, активтерді жекеге сату бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізуі қажет. Жеке компаниялар өз табыстарының басым бөлігін бюджеттік тапсырыстардан, жеңілдіктерден, гранттардан және басқа артықшылықтардан емес, өз тауарларын экспортқа шығару және көрсететін қызметтері арқылы нарықтан табуы керек.

Үшінші, жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Кез келген кәсіпорынды жекешелендіруді оның тиімділігін жақсарту, ұлттық экономикаға қосатын үлесін арттыру деп түсіну керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Президент жекешендірудің барлық процесінің ашық өтуіне ерекше тоқталды.

– Жекешелендіру мемлекеттік меншікке қатысты болғандықтан азаматтарымыз оның барлық шартын білуге құқылы. Қоғамдық бақылау – жекешелендіру процесінің барлық кезеңінің тиімді әрі ашық өтуінің пәрменді құралы. Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді. Қордың ірі компанияларына қатысты айтсақ, «Халықтық IPO» арқылы жекешелендіру өте өзекті болмақ. Өз қаржысын тиімді пайдаланғысы келетін еліміздің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуге мүмкіндік алуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір маңызды мәселе ретінде еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсат-міндеттеріне сәйкес «Самұрық-Қазынаның» басымдықтарын кеңейту мәселесіне тоқталды. Қор мен портфельді компанияларды дамыту жоспары осыған сәйкес келуі тиіс.

– Қордың инвестициясы да ұлттық экономикаға бағытталуы үшін инвест-портфельдерді әртараптандыру маңызды. Ұлттық әл-ауқат қоры өзінің атына сай болуы керек. Менің бұған күмәнім жоқ. Ел экономикасы үшін қордың орасан зор маңызын ескере отырып, жалпымемлекеттік басымдықтарға қол жеткізу жолында одан әрі дәйекті жұмыс істей береді деп сенемін, – деді Президент.

Сондай-ақ форум барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Ақ Жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысына инвестициялық бастамалар, қорды инвестициялық холдингке кезең-кезеңімен айналдыру жұмысының барысы және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бірқатар цифрлық жобалары таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар офф-тейк келісім-шарт пен стратегиялық келісімге қол қойылды

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты