«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Орынқыз Жолдасова, Әсет Ахатаев, Жасұлан Бүлдеш «Есіктен- есікке» акциясы аясында Тараз қаласындағы «Жансая» мөлтек ауданның тұрғындарымен кездесіп, оларға «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидаттар бас партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалатын шаралар мен мүмкіндік жөнінде айтты.
– Сайлауалды бағдарламадағы облыс орталығын әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан дамытуда туризм саласын ілгерілетуге басымдық берген. Сондықтан келер жылы Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Көне Тараз» археологиялық паркі, «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелері, Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы, Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі, «Айша бибі» және «Бабажа хатун» кесенелері, «Каралма» тау шаңғысы курорты» сынды жаңа туристік аймақтар қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналады. Сондай-ақ Тараз қаласында М-1 жылу магистралі қайта жаңартудан өтеді. Ал 2022 жылдың соңына дейін Тараз қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады, – деді кандидат Әсет Ахатаев.
«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында Тараз қаласы аумағында қолға алынатын баянды бастамалар жетіп жатыр. Келер жылы көне шаһарда 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер пайдалануға беріледі. Ал да 2023 жылы облыс орталығын облыстық көпсалалы аурухана ел игілігіне берілмек. Оған қоса
2023 жылы Тараз қаласында 300 орындық оқушылар сарайы салынады.
Кездесу соңында мөлтек аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясының Таразды түлетудің сан қырлы бағыттарын қамтыған сайлауалды бағдарламасына ризашылығын білдіріп, саяси дода партияның жеңісі үшін дауыс беретінін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді