• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Рухани жаңғыру

«Atamnyn Amanaty» бүкілресейлік «Ыстық жүрек» сыйлығының лауреаты атанды

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында «Atamnyn Amanaty» ұйымын Ресей Федерациясы Әлеуметтік-мәдени бастамалар қорының «Ыстық жүрек» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

05.11.2020
0
«Atamnyn Amanaty» бүкілресейлік «Ыстық жүрек» сыйлығының лауреаты  атанды
192
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Айта кетейік, «Atamnyn Amanaty» ұйымы Екінші Дүниежүзілік соғыс
кезінде қазақстандық сарбаздардың жерленген жерлерін анықтап,
мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады. Биыл Ұйым «Рухани
жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен қолға алынған «Өзгерістер саруарлары» акселерациясының жеңімпазы ретінде үздік 20 жобаның тізіміне енген. «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Төрағасы Данияр Есиннің айтуынша жоба қазақстандықтардың патриотизмі мен Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне бағытталған.
– «Atamnyn Amanaty» ұйымының өкілдері қоғамдық сананы жаңғырту
бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нағыз елшілеріне айналды.
Бұл өз елінің тарихи мұрасына бей-жай қарамайтын жас қазақстандықтардан құралған ұйым. Бүгінгінің батырлары десек те
болады. Өйткені, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз
кеткендерді іздеп, олардың мәңгі есте қалуы үшін мұрағаттық-іздестіру
жұмыстарын жүргізіп жатқандықтары үлкен ерлік. Майданда соғысқан
1,5 миллион қазақстандықтың 270 мыңы хабар-ошарсыз кеткен. Арада
талай жыл өтті. Сол кездегі куәгерлердің көбі бүгінде өмірде жоқ. Яғни,
деректердің жойылғанына байланысты із-түзсіз жоғалғандарды табу өте
қиын. Соған қарамастан «Atamnyn Amanaty» ұйымы табандылық
танытып, талай сарбазды табуға еңбек сіңіріп жатыр, — деді Данияр Есин.
Жалпы, «Atamnyn Amanaty» соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен 600-ден
астам сарбазды тапқан. 2019 жылы «Atamnyn Amanaty» ҚР Қорғаныс
министрлігі және Алматы, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан
облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
қаза тапқан 5 сарбаз бен офицердің сүйектерін әскери құрметін сақтай
отырып, салтанатты түрде елге жеткізген болатын.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко ата-бабаларымыз туралы естеліктерді жаңғыртуда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің маңыздылығына тоқталып, жастардың сана-сезімін оята алатын үлкен жоба екендігін атап өтті. Ал өз кезегінде «Atamnyn Amanaty» басқармасының төрағасы Мұрат Молдағалиев «бұл марапат – тарихи жадымызды қалпына келтіру үшін тынбай еңбектеніп жүрген замандастарымыздың жұмысына берілген баға. Біз «Рухани жаңғыру» жобаларының акселерациясындамыз. Осы орайда өз тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз», — деді.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты