• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады

turan_admin turan_admin
21.10.2020, 16:20
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
128
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен арадағы өзара іс-қимылдардың перспективасы, әлі жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы жағдайында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны іске асыру мәселелері, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығының ахуалы талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықты және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

– «Шеврон» компаниясы Теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде еліміздің энергетика нарығында өте белсенді қызмет атқаруда. Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы мұнай және газ индустриясына кері әсері етіп, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті бұзды және оның бағасын төмендетті, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылға қарай Теңіз кен орнындағы өндіріс қуатын кеңейту жөніндегі жобаларды уақытылы іске қосу Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы компанияның жобаны іске асыру қызметін құптап, бірқатар міндеттердің мерзімінен бұрын орындалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу бойынша жоғары деңгейде үйлестірілген жұмысы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырғаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына ризашылығын білдірді. Президент Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы құны 20 миллион АҚШ доллары болатын медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын бергені, шетелдік дәрігерлер мен эпидемиологтардың елімізге келуін ұйымдастырғаны, сондай-ақ, Құлсары қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана құрылысын қаржыландырғаны үшін Майкл Уиртке алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіздегі жобаларды іске асыруда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысында Жергілікті үлес қорын құру жағын қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қарашығанақ мұнай кен орнын игеру мәселелеріне тоқталып, аталған жобаны уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және жылына мұнай өндіру көлемін 10-11 миллион тонна мөлшерінде ұстап тұру қажеттігін атап өтті.

Майкл Уирт 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нұр-Сұлтан және Нью-Йорк қалаларында әңгімелескен сәттерін еске алып, кездесуге тағы да мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

– Біздің көп жылғы әріптестігімізді жоғары бағалаймын. Қазақстан – біз үшін ерекше ел және компаниямыздың жұмысындағы аса маңызды бағыт. Сондықтан біз Қазақстанның энергетика саласындағы, атап айтқанда, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы өзара іс-қимылдарды жалғастыруға ниеттіміз. Қазақстан – мұнай-газ ресурстары бар керемет ел және біз түрлі жобаларды іске асыруда еліңіздің сенімді серіктесі болғанымызға қуаныштымыз, – деді «Шеврон» компаниясының атқарушы директоры

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.