• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ел қуаты — ұлт денсаулығында

29.09.2020
0
Ел қуаты — ұлт денсаулығында
364
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ел тарихында тұңғыш рет  ауқымды өткізіліп отырған «Nur Otan»партиясының праймеризі азаматтық қоғам институтының дамуына тың серпін бергендей. Әсіресе, сайлау жүйecін демократияландырудың жаңа кезеңіңе қадам басып отырған сәтте — оған қатысушы әр санаттағы азаматтардың да өз пікірі, өз пайымы қоғам тарапынан өз бағасын алуда.

Біз бүгін осы саяси доданың бел ортасында жүрген, саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мейірім» медициналық орталығының құрылтайшысы, «Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы Гүлдара Алданышқызы Нұрымовамен сұхбаттасу барысында өзін толғандырған мәселелер төңірегінде ой бөлістік. Еліміздегі жоғары өкілетті органда Жамбыл облысының өсіп-өркендеуіне қатысты өз пайымын анық айта алатын Гүлдара Алданышқызы көп мәселенің оң шешім табуына ықпал жасайтындығын да ашып айтты.

— Гүлдара Алданышқызы, көптеген игі істің басында жүрсіз. «Бүгінгі күнге дейін мен не iстедім, не істей алдым?» деп өзіңізге сауал қойып көрдініз бе?

— Әрине. Өйткені, әр адам өз-өзіне есеп беріп отыруы керек. Сонда ғана өткенінді топшылап, алдағы күндері аткарар жұмысыңның өркенін көре аласың. Менің ойымша өз кәсіпорнының әлеуетін көтеріп, қызметкерлерінің бар жағдайын жасай алған азамат коғамға да жағдай жасай алады деп ойлаймын. Ал кызыл сөзге еретін болсақ, онда кешіріңіз, жұмыс толық ақсайды деген сөз. 

— Сайлауалды бағдарламаңызда негізінен әлеуметке басымдық берілген екен. Қашанда әлеуметтің жүгі ауыр ғой. Қысқаша атап кетіңізші…

— Сайлауалды бағдарламамда үш негізгі бағытты басшылыққа алдым. Біріншісі, денсаулық сақтау саласы. Бұл сала өзіме етене жақын. Екіншісі, отбасы институтын нығайту. Ал үшіншісі, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. 

Алдымен, денсаулық саласы. Менің 30 жылдық дәріrерлік тәжірибемде саладағы мәселелер маған таныс. Елбасының Жолдауларында денсаулық саласының тұрғындар үшін сапалы әpі қолжетімді болуы әрдайым айтылады. Пандемия кезінде медицинаның осал тұстарын анық білдік. Алдымен сапалы диагностикаға қол жеткізу үшін медициналық мекемелер толығымен инновациялық, жаңа технологиялармен жабдықталған медициналық диагностикалық кұралдармен жарақтануы шарт. Соның ішінде ауылдық жерлерге де колжетімді болуы керек. Науқастың дертін анықтаудан бастап, оның толық сауығып шығуына дейінгі аралықтағы медициналық бақылау сапалы болуы керек. Әрине, алдын алу шаралары да ескеріледі. 

Екіншіден, бізде дәрігер мамандар жетіспейді. Бул өте күрделі мәселе. Шындығына келгенде, ipi қалаларда медициналық академияларда білім алған жамбылдықтардың дені сонда қалып кетіп жатады. Бул мәселені қалай шешуге болады дегенде, алдымен ауылдық жерлердегідей моно қалаларға (Жаңатас, Қаратау, Шу) жұмысқа келген жас мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақымен көмектесу де керек. Өйткені, канша жерден өте қымбат диагностикалық құрылғыларды сатып алғанымызбен, оның үздіксіз жұмыс істеуі үшін білікті дәрігер қажет. Ұмытпасаңыз осыдан біраз жыл бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен елуден аса студент жергілікті бюджет есебінен медициналық институттарға оқуга тусірілді. Яғни, өңірдегі қажеттілікті толтыру үшін жасалған қадам болатын. Сөйтіп, екі-үш жыл қатарынан гранттар бөлініп тұрды. Өкініштісі, араға үш-төрт жыл салған соң жергілікті бюджет бұл шығынды көтере алмайтын болды да, студенттер далада қалды. Сол кезде біз өз есебімізден бір студенттің толық білім алып шығуына кемектестік. Негізі, бастама жаксы еді. Бір қуантатын жағдай, жақында ғана облыс әкімінің қолдауымен Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы базасында С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалын ашу жөнінде шешім қабылданды. Бердібек Сапарбаев облыс орталығында резиденттерді даярлау кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетінін атап өтті. Уақытында қолға алынып отырған осы бастама үшін аймақ басшысына медицина қызметкерлерінің атынан алғысымды білдіремін. 

— Облыстың Қоғамдық өміріне белсене қатысып келесіз. Өзіңіз сөз еткен отбасы институтын нығайтуда неге басымдық берер едіңіз?

— Өзімнің 12 жылдық қоғамдық белсенді өміpімде байқағаным әлеуметтік проблемалардың дені-отбасында жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ана мен бала кұқының тапталуы дегендей.. Оның үстіне бүгінде суицид бойынша еліміз көш бастап тұр. Статистикаға сүйенсек, күніне бір әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кұрбаны болады екен. Tіпті өткен жылы 400 әйел осындай зорлық-зомбылықтың кұрбаны болса, биылғы жарты жылдың өзінде 400 әйел кұрбан болған. Статистика жаға ұстатады. Елімізде отбасы, ана, бала институтымен 18 әртүрлі мемлекеттік кұрылымдар айналысады. Осыған қарамастан өзекті өртейтін өкінішті оқиғалар жиі орын алып отыр. Сондықтан, Әйелдер күші Альянсы ортақ бір мемлекеттік өкілетті құрылым кұратын уақыт келгенін зерделеп отыр. Ол отбасы мәселесі, бала құқығын қорғау, әйелдер және жастар министрлігі немесе комитет болуы мүмкін. Бұл қосымша каржы көздерін керек етпейді. 

Ал жәбір көрген аналарға арналған облыс орталығында бір ғана «Дағдарыс орталығы» жұмыс істейді. Бұл аздық етеді. Осындай тағы бір орталық керек. Және мұндай орталықты ауылдық жерлерден де ашу маңызды. Өйткені, ауылдағы әйел — аналардың жағдайын да назардан тыс калдыруға болмайды. 

— Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту төңірегінде де ой қозғадыңыз?

— Халықтың жұмыссыздығы пандемия кезінде де анық байқалды. Елімізде төрт миллионға жуық азамат әлеуметтік көмек алды. Яғни, бізде әлеуметтік ортаның дені жұмыссыз азаматтар. Сондықтан, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын жұмыспен қамтудың тетігі іске қосылар еді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама мен Заң шығаратын уақыт келген секілді. Сондықтан, сайлауалды бағдарламамда көтерген үш негізгі бағыт — менің кәсіби және қоғамдық өмірімде кездестіріп отырған проблемалар. Енді осы мәселелерді шешуге өзімнің азаматтық позициямды және біліктілігім мен күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. 

— «Мейiрім» медициналық орталығында да жаңалықтар көп секілді…

 — Есіңізде болар, 2010 жылы облыста тұңғыш рет МPТ құралын алып, орналастырдық. Бұған дейін тұрғындар Алматы, Бішкек қалаларына барып, өз дерттерінің неден екенін анықтап, тексеруден өту үшін сабылатын-ды. 

Ал бүгінде орталықта төрт томограф бар. Оның үшеуі МРТ, біреуі КТ. Сондай-ак тағы үш сандық рентген аппараты бар. Он шақты заманауи УЗИ, тағы да басқа кұралдары бар. Әрдайым, сапаны арттыру мақсатында тағы да жаңа технологияларды еңгізіп отырамыз. Өйткені, дұрыс диагноз қойылғанда ғана дұрыс ем алуға болады. Дұрыс ем алған наукастың сауығуы да жедел өтеді. Биыл Меркі ауданында медициналық орталық ашқалы отырмыз. Яғни, бұл орталық түгелдей ауыл тұрғындарына қызмет ететін болады. Осы айдың ішінде МРТ құралы, КТ, сандық рентген орнатылады. Бұл өңір тарихында тұңғыш рет ауылдық жерде осындай қымбат диагностикалық құрылғылардың орнатылуы болып тұр. Өзіңіз білеcіз наукас инсульт алған жағдайда оның әрбір сағаты өлім мен өмір арасындағы арпалысқа тең. Сол жағдайда, оның сырқатын жедел анықтап, ем жасауына көмек болады. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін бұл ауадай қажет. Сондықтан, Меркідегі орталыққа Қордай, Шу, Т.Рыскұлов, Мойынқұм ауданының тұрғындары жедел жете алады. Ал келесі жылы Қордай және Талас аудандарында КТ аппаратын орнату жоспарымызда бар. Бұл біздің әлеуетіміздің артқандығын, жұмысымыздың ауқымдылығын көрсетсе керек-ті.

— Пандемия кезінде де «Мейірімге» мейірім іздеп келгендердің қатары артқан болар?

— Пандемия еліміз үшін өте ауыр кезең болғаны рас. Алғашкы толқында тұрғындар тіпті абдырап қалды. Карантин кезінде емханалардың барлығы онлайн режімге көшті. Науқастар үшін кеңес алу қиынға сокты. Екіншіден, мемлекеттік емдеy мекемелері инфекциялық ауруханаға айналды. Көптеген жекеменшік клиникалар карантинге жабылды. Азаматтарды жоспарлы ауруханаға жатқызу мүлдем тоқтатылды. Шыны керек, көпшілік кайда барарын білмей дал болды. Ал осы кезеңде біздің медициналық орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұрды. Амбулаторлық және диагностикалық қызмет тоқтаған жоқ. Тәулік бойы КТ, рентген, МРТ жүргізілді, дәрігерлер үздіксіз кеңес берді. Әсіресе, осы кезеңде сырқаттың дертін нақты анықтайтын құрылғы ол КТ екеніне көз жеткіздік. Әрине, біздің дәрігерлер өз денсаулықтарын кепілдікке қойып отырып, көз жұма ерлікпен жұмыс жасады. Сондықтан, осындай кезеңде жұмыла көтерген күштің арқасында тұрғындардың алғысын алдық. Ол үшін ұжымыма алғыс айтамын. Осындай медициналық көмектердің аясында бес миллион теңге көлемінде қайырымдылық шараларын жасадық. 

— Өзіңіз төрағалық ететін «Іскер әйелдер қауымдастығы» да пандемия кезінде алғы шепте жүрді ғой…

— Иә, ел басына осындай күн туғанда біздің қауымдастық мүшелері қарап отыра алмады. Титімдей де болса шарапатымыз тисін деп, алдымен «Аға буынға көмектесеміз!» ауқымды акциясын бастадық. Өйткені, алғашқы толқында жасы егде азаматтар ауруға шалдықты. Ал бүгінде қалада жалғызбасты зейнеткерлер көп тұрады. Олардың тізімін жасап, азық- түлік тасымалдап жеткіздік. Екіншіден, «Дамді себет» дүкендер желісінің cауда нүктелерінде «Қайырымдылық сөресін» ұйымдастырдық. Қауымдастық мүшелерінің тарапынан сөре күн сайын толтырылып отырды. Мұқтаж жандар еш кысылмай өздеріне керекті азық-түлікті осы жерден алып отырды. Сондай-ақ тегін ыстық ас дайындап, қала ауруханаларына дәрігерлер мен науқастарға жеткізіп отырдық. Карантин кезенінде «Гаухартас» мейрамханасында ұйымдастырылған бұл шараға күнделікті 200-300 адамды ыстық аспен камтитын ас дайындалып отырды. Сонымен катар қауымдастық тарапынан 12 оттегі концентраты, пульсоксиметрлер сатып алынып, ауруханаларға, соның iшінде аудан ортальғындағы ауруханаларға таратылып берілді. 

Жалпы, біздің қауымдастық 25 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Алғашқы күннен бастап қыз-келіншектердің басшылық лауазымда жұмыс жасауына, сайланбалы органдарға өз кандидаттарын ұсыну бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күннің өзінде праймеризге түсіп жатқан әйелдер санының көптігі бізді куантады. Әйел отбасының тірегі болғандықтан, әлеуметтік мәселелер нәзікжандыларға етене таныс қой. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына көп назар аударудамыз. Аяғынан тік тұрған кәсіпкерлер кәсібін енді бастаған жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып отырады. Бұл «Тәлімгерлік» (Менторство) жобасы аясында қолға алынып отырған шара қауымдастықта сәтті жүзеге асуда. Ал «Жәрдем» бағдарламасы арқылы өткен жылы 26 көпбалалы ананы тirінші, аспазшы, шаштараз мамандығы бойынша кайта дайындап, тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік. Биыл «Отбасын қолдау мектебін» ашып отырмыз. Мен өз бағдарламамда жастарды жұмыспен қамту мәселеcін де көтерген едім. Өзім басқаратын орталықта 700-ге жуық азамат еңбек етсе, соның 40 проценті жастар екенін айтқым келеді. 

— Әңгімеңізге рақмет!

Сухбаттасқан Ерман ӘБДИЕВ.
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

23.05.2025
«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты