• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 12:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЕРТЕҢДІ ОЙЛАП ЕРТЕДЕН

turan_admin turan_admin
24.09.2020, 18:55
Заң
ЕРТЕҢДІ ОЙЛАП ЕРТЕДЕН
240
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жауынымен жарылқайтын күз мезгіліде келіп жетті. Алдымызда қара суығы қылаң берген қазан, қараша айлары тұр. Оның арғы жағында қылышын сүйреткен желтоқсан айы «Дайындығыңды аязда көрейін» деп сын садағымен сұлатуды мақсат етіп отыр. Не істемек керек? Әрине, қамдану әрекеттену, әзірлену қажет. Осы тұста дана қазақтың «Қыс шанаңды жаз сайла» деген мәтелі ойға еріксіз оралады екен.

Айту бір басқа да, оны орындаудың жөні бір бөлек. Расында, мектеп қысқы маусымға дайын ба? Жылыту қазандықтары сақадай сай ма? Дәстүрлі түрде білім алып жатқан оқушылардың жайы қалай? Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық тазалығы қадағаланған ба?

Осы сауалдарға жауап іздеген аудан басшысы Сәкен Арубаев пен орынбасары Нұрлан Несіпбеков апта аралығында білім ордаларын тағы бір қарап шықты. Аса ауылындағы №1 орта мектепке табан тіреген аудан басшылары дезинфекциялық тоннелден бастап, білім ордаларының пән кабинеттеріне дейін аралады. Мектеп директоры Байыржан Валиев, аудан басшысына білім ошағы ызғарлы маусымға тыңғылықты әзір екенін, бүгінде 825 оқушы қашықтықтан, 92 оқушы дәстүрлі түрде оқып жатқанын, тазалыққа баса мән берілгенін, тәрбиеленушілерге арналған бетперде қорлары барлық пән кабинеттерінде бар екенін жеткізді. Бұдан бөлек мұғалімдер арақашықтықты сақтау әдісі арқылы партаға бір оқушыдан отырғызып сабақ өтетінін, мектепке ену үшін оқушының толық аты-жөнін саусақ іздері арқылы анықтайтын турникеттің орнатылғанын айтқан директордың жұмысына аудан әкімі Сәкен Қаланұлы риза көңіл танытты. Әйтсе де, мектеп қабырғалары мен қоршаулардың түсіне өң беру, ашық түстерге сырлау, мектеп қабырғаларына оқушылардың көзіне түсетін қанатты сөздер немесе ұлы тұлғалардың суртін орналастыру қеректігін алға тартты.

Мұнан соң аудан басшылары Қырғыз елімен шекаралас жатқан Қаратау ауылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке келді.. Мектеп директоры Айсұлу Перменованың айтуынша, Аты жаман індеттен сақтану мақсатында жадынама парақшалары көрнекі жерлерге ілінген. Бүгінде 153 оқушы мектепте оқытылуда. Жылыту қазандықтары толықтай жұмыс жасап тұр. Пән кабинеттерін аралаған аудан әкімі Сәкен Арубаев шахматтан мектеп үздігі атанып жүрген балғынмен кездесу ойынын өткізіп, жас буынның шеберлігіне таңданысын жасырмады.
Түс ауа алқалы топ Жасөркен ауылы М.Әуезов атындағы орта мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Мұндада жылыту маусымына дайындық жұмыстары назардан тыс қалмады. Әжетхана, спорт зал, пән кабинеттерін тексерілді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Замзахан Тойынбекова 352 оқушы тәлім алып жатқанын айтты.

– Ертеңді ертеден ойласақ, көптеген кемшілік, жөнсіз олқылық төбе көрсетпейтін еді. Әсіресе, білім алушылардың өрісін кеңейтіп, танымын тереңдетуге ауа райының қолайсыздығы септігін тигізбеуі қажет. Мұнан бұрын әлемді әбігерге салған індеттің жүктеген міндеттері де, санитарлық талаптарда мұғалімдердің жіті бақылауында болғаны дұрыс. Тағы бір айта кететін жайт, мектеп ішіне бас сұққан оқушының ізденісін яки білімге деген құштарлығын оятатын ұлағат иелерінің қанатты сөздері, тәрбиеленушілер қызығатын портреттерді орналастыруды қолға алуымыз қажет, – деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы мектеп басшылықтарымен кездесу кезінде.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

02.11.2026, 10:57

Ақпараттық хабарлама, 29 қараша сайлау күні

16.10.2026, 09:31
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

29.09.2026, 17:43
«Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

«Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

18.09.2026, 09:27
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.