13 қыркүйекте Отбасы күніне орай Республикалық «Отау Фест» жас отбасылардың онлайн фестивалі өткен болатын. Аталмыш фестивальге Жамбыл облысы атынан қатысқан аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Мұздыбай Сағи Сағынғалиұлы өзінің отбасымен бірге ең жас, табысты, өз саласында жетістіктері көп отбасы атанып, 100 000мың теңгелік сертификат иеленді.
Фестивальге еліміз бойынша 200 ге жуыққа тарта жас отбасы қатысып, қатысушылардың ішінен 3 жас отбасы 100 000 мың теңгелік сертификатқа иеленді. Әріптесіміздің отбасылық қуанышына ортақтаса отырып, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!