Түркістан облысының тұрғындары Шу ауданында есірткі жинау барысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 шілдеде “Қарасора – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын
өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу қаласына 100 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта есірткі затын жинау кезінде екі адам құрықталды. Олар: 61 және 45 жастағы Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары.
106 келіге жуық мариxуана есірткі заты жинау барысында анықталса,
12 келіден астам мариxуана күдіктінің біріне тиесілі “ВАЗ-2107” маркалы,
мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктен табылып,
жалпы салмағы – 118 келі 780 гр. мариxуана тәркіленді. Сонымен қатар,
олардан жабайы шөпті оруға арналған құрал тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі
тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, Шу аудандық уақытша ұстау
изоляторына қамауға алынды.