• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады

30.06.2020
0
ҚР Парламенті сессиясының жабылуы 30 маусымда өтеді
666
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Нұр-Сұлтан, 30 маусым, Мәжіліс үйі.Бүгін Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті. Парламент сессиясын жабу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды. Сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы өтті, Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе қаралды. Бесінші сессия кезінде қос Палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды.

Бүгінгі күні Парламент қабылдаған заңдардың 86-не Мемлекет Басшысы қол қойып, олар заңды күшіне енді. Депутаттық корпустың Үкіметпен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғаммен сындарлы іс-қимылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған стратегиялық басымдықтар және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент сессиясының ашылуы кезіндегі Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттер бойынша тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Парламент қабылдаған «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң мемлекет саясатының әлеуметтік бағыттылығын толық көрсетеді. Әлеуметтік саланы дамытуға республикалық бюджеттің барлық шығысының жалпы көлемінің 46% бөлінді.

Үш жылдық бюджет шығыстарының басым баптары адами капиталды дамыту, сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру. Сонымен қатар, бюджет басымдықтарында: экономиканың нақты секторын өсіру, экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдай жасау, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру сияқты шығыс баптары бар. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста талқылау барысында экономикалық өсудің басты факторы бөлінетін қаражат көлемі мен оларды игеру емес, тиімді жоспарлау мен нақты нәтижелерге қол жеткізу болып табылатынын атап өтті. Бұл мәселені депутаттық корпус 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке түзетулер енгізу кезінде, сондай-ақ Үкімет пен Есеп комитетінің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде де көтерді. Сонымен қатар, Парламент депутаттары қабылдаған заңнамалық түзетулер басшылардың бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Бесінші сессия ішінде депутаттар қазақстандықтардың өміріндегі өзекті мәселелерді шешу үшін заң шығаруға бастама жасау бойынша өзінің конституциялық құқығын белсенді пайдаланды. Осы сессияда депутаттар өздері бастамашы болып, 35 заң жобасын әзірледі, олардың 12-сі қазірдің өзінде қабылданып, 23-і бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Депутаттық бастама жасаудың мұндай жоғары көрсеткішіне бірінші рет қол жеткізіліп отыр. Парламент депутаттары бесінші сессия барысында өздері әзірлеген заң жобаларының саны алдыңғы төрт сессия ішіндегі көрсеткіштен екі есе дерлік көп. Атап айтқанда, депутаттар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға бастамашылық жасады, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыну салаларын кеңейту, сондай-ақ рәсімдерді оңайлату, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде қызметті алушылардың уақыты мен шығындарын қысқарту және тағы басқалар көзделеді. Депутаттар ана мен баланы қорғау, салық салу, аудиторлық қызмет, қылмыстық заңнаманы жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, ауылдық елді мекендерде Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру, ғылым және т.б. мәселелер бойынша заңнамалық түзетулер енгізуге де бастамашылық жасады. Бесінші сессия кезеңінде қос Палата да әлеуметтік саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Парламент, ең алдымен, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдады. Осы түбегейлі жаңа Заңда педагог кәсібін реттейтін барлық құқықтық нормалар бар.аталған заң педагог қызметкерлер мен оқушыларға жүктемені қысқартуды бекітеді, мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері үшін ынтаның пайда болуына, оларды өздеріне тән емес функциялардан босатуға ықпал етеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы қоғамда кеңінен белсенді әрі мазмұнды пікірталас тудырды. Сондықтан Парламенттің қос Палатасының депутаттары үкіметтік емес ұйымдар, медициналық жұртшылық пен азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз ынтымақтаса отырып, оңтайлы нұсқа іздеу мақсатында заң жобасын мұқият және жан-жақты қарады. Жаңа Кодексте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халық денсаулығын сақтау жүйесін жақсарту туралы тапсырмаларын ескере отырып әзірленіп, отандық денсаулық сақтауды реформалау тетіктері қамтылды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Парламент «Ардагерлер туралы» Заң қабылдады, онда ардагерлерімізге жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер белгілейтін құқықтық нормалар алғаш рет жүйеленіп, топтастырылды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында Парламент депутаттары қабылдаған «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның да маңызы зор. Өткен сессияда депутаттық корпус жұмысының басым бағыты Мемлекет басшысының саяси реформаларының заңнамалық негізін қалыптастыру болды. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жиналыстарды, митингілерді, демонстрациялар мен шерулерді ұйымдастыру мен өткізудің қолданыстағы рұқсат беру тәжірибесін хабардар ету тәжірибесіне түбегейлі өзгертті. Бұл заң «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді. Құжатты Парламенттің қос Палатасының депутаттары карантиндік шектеулерге қарамастан, азаматтық қоғам өкілдерін, халықаралық және қазақстандық сарапшыларды кеңінен тарта отырып жан-жақты талқылады, олардың пікірлері барынша ескерілді. Депутаттардың өздері әзірлеген «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңның парламенттік оппозиция мәселелеріне қатысты заңның қабылдануы елімізде демократияны нығайтудағы маңызды қадам болды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, «парламенттік оппозиция» ұғымын заңнамалық бекіту қазақстандық парламентаризм тарихында түбегейлі жаңа бет ашты. Атап айтқанда, Мәжілістегі парламенттік оппозицияға комитеттердің бірінің төрағасы мен басқа екі комитет хатшыларының лауазымына, парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау, бірнеше үкімет сағатының күн тәртібін айқындау құқығына, сондай-ақ парламенттік оппозицияға өз пікірін білдіру үшін кең ауқымды мүмкіндіктер беретін басқа да нормаларға кепілдік беріледі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» Заңға депутаттар енгізген түзетулердің де маңызы зор. Алғаш рет партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 проценттік квота енгізілді. Бұдан басқа, саяси партияларды тіркеу үшін кедергі екі есеге – 40 мыңнан 20 мың адамға дейін азаяды. Парламент мүлдем жаңа құқықтық акт – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдады. Алғаш рет әкімшілік рәсімдерді, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы дауларды шешу жөніндегі әкімшілік сот ісін жүргізуді (әкімшілік юстиция) жүзеге асыруды реттейтін құқықтық нормалар бір заңнамалық актіде жүйеленіп, біріктірілді. Аталған Кодексті қабылдау халық пен билік органдарының сындарлы диалогын одан әрі нығайтуға және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, бұл халықтың мұқтажына жедел ден қоюға қабілетті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатына сәйкес келеді. Сот жүйесін жаңғыртудың берік құқықтық базасын жасау, сот шешімдерінің сапасын жақсарту мақсатында Парламент «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Депутаттар қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен жұмыс істей отырып есірткі тарату, адам саудасы, педофилдік, сексуалдық зорлық-зомбылық және жеке адамға қарсы, әсіресе, балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза қатаңдатылады. Депутаттар осы сессияда заңдарды қарап, қабылдаумен қатар, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінің аса өзекті мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Өткен сессияда Парламент қабырғасында 13 үкіметтік сағат, 5 парламенттік тыңдау, 20 «дөңгелек үстел», комитеттердің 27 көшпелі отырысы және 2 конференция өтті. Парламенттік тыңдаулар, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, Қазақстанның су қауіпсіздігі, заң шығару процесін одан әрі жетілдіру сияқты мәселелерге арналды. Сессия жұмысы кезеңінде Парламенттің қос Палатасының депутаттары 308 депутаттық сауал (оның 204-ін – Мәжіліс депутаттары, 104-ін – Сенат депутаттары) жолдады. Осы сессия барысында Парламент депутаттарына азаматтардан шамамен 9733 хат келіп түсті, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды. Елімізде орын алған коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде өзтиімділігін көрсетті.Бұл кезеңде Парламент ерекше жұмыс режиміне көшті. Осыған байланысты, басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа моделі – заң жобаларын қашықтан қарау қолданыла бастады. Бұл ретте, бейнеконференц-байланыс, селекторлық жиналыс секілді қолда бар заманауи ақпараттық технологиялардың бәрі қолданылып, бұл барлық мүдделі тараптардың: депутаттардың, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қашықтан іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Парламенттің қос Палатасының депутаттары коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жасау және төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ел басшылығының тапсырмаларын бірауыздан қолдап, мұқият заң шығару қызметіне барлық күш-жігерін салды. Жалпы алғанда, заң шығару жұмысының қарқыны – неғұрлым серпінді болып, қабылданатын шешімдер анағұрлым жедел сипат алды. Парламент депутаттары елде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруға атсалыса отырып, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығындағы егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы жүйелі шаралар, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, барлық деңгейдегі білім беру сапасы секілді мәселелерді ерекше бақылауға алды. Алдағы, алтыншы сессияда Парламенттің қос Палатасының депутаттары ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевтыңҚазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыруды жалғастырады. Қазіргі уақытта Парламент қоржынында 61 заң жобасы бар. Мұнда Экологиялық кодекс, Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы, өсімдік әлемі туралы заңдар маңызға ие болады. Сонымен қатар «2021 — 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі, биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелер жөніндегі және тағы басқа да заңдарды қабылдау аса маңызды болады. Осыған байланысты, Парламент депутаттарының алдында дағдарыстан кейінгі кезеңде отандық экономиканы тұрақтандыру мен Қазақстанның үдемелі түрде ілгерілеуі үшін өздерінің барлық күш-жігерін жұмсау сияқты ортақ міндет тұр.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты