Анықталған науқас Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жасар Түркия азаматы.
Алгоритмге сәйкес медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат Қырғыз-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Одан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже берді.
Жақын байланыста болған төрт адам анықталып, карантинге орналастырылды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Науқастың болған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді.