Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің твиттер аккаунтында «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» деп жазба қалдырды.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 9, 2020
Одан бұрын Қасым-Жомарт Кемелұлы дүнген баласының видеожазбасына назар аударып келесіндей твит жариялады
Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім — елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 9, 2020
Қордайдағы жағдайдан бірінші жауаптылар: аудан әкімі Болатбек Байтөле, Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Азамат Айхимбеков, аудан прокуроры Мұхитбек Ашенов
TURANINFO.KZ